00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады

01.07.2024 | 12:09
Олжас Сүлейменов
143
Министр ҰБТ-да 140 балл жинаған түлекті құттықтады
Фото: дереккөз

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек ҰБТ-дан 140 балл жинаған Жаннұр Еңсебекті құттықтап, ата-анасына алғыс білдірді, деп хабарлады Elorda.info.

Сондай-ақ түлекті дайындаған ұстаздардың рөліне де тоқталып өтті.

«Жаннұрдың ҰБТ-да жоғары көрсеткіш көрсетуі – бұл еңбекқорлықтың, шыдамдылық пен ынтаның нәтижесі. Бұл ретте ата-ананың қолдауы, қамқорлығы мен балаға деген сенімін де айта кету керек. Сондай-ақ мұғалімдердің де кәсібиліктері мен жұмыстарына деген адалдықтарының арқасы. Бұл қуанышты сәт өміріңіздегі жаңа жетістіктер мен жеңістердің бастамасы болсын!» - деді Саясат Нұрбек өз сөзінде.

11 жыл үздік оқыған түлек – «Алтын белгіге» үміткер. Ол ҰБТ-ны «Математика-Информатика» комбинациясы бойынша Алматы облысының Есік қаласында тапсырған.

Все новости