00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Медициналық университеттерде ақылы оқитын студенттер саны шектелуі мүмкін

15.05.2024 | 17:41
135
Медициналық университеттерде ақылы оқитын студенттер саны шектелуі мүмкін
фото: www.gov.kz

Медициналық жоғары оқу орындарында оқитын студенттер саны шамадан тыс көп. Бұл білім беру ресурстарына артық жүктеме және білім сапасының төмендеуіне әсер етеді. Денсаулық сақтау министрлігінің алқа отырысында осы туралы айтылды, деп хабарлады Elorda.info.

Алқа отырысына министрлік, ведомстволық бағынысты ұйымдардың және Қоғамдық кеңес мүшелері қатысты.

«Ақылы негізде білім алатын студенттердің көптігі білім беру ортасына, оқытушылар құрамына, ең бастысы болашақ медицина мамандарын даярлау сапасына әсер етеді. Осыған байланысты Денсаулық сақтау министрлігі білім беру санын емес, сапасын арттыру мақсатында студенттерді ақылы оқуға қабылдауға квота енгізу мәселесін қарастырып жатыр», - делінген хабарламада.

Медициналық білім беру бағдарламасы демографиялық процестерді және дамушы денсаулық сақтау жүйесінің нақты қажеттіліктерін ескере отырып, алдағы 10 жылда қалыптастырылатын болады.

Все новости