00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Медицина қызметкерлеріне «Кәсібі бойынша үздік» атағы беріледі

13.05.2024 | 14:22
117
Медицина қызметкерлеріне «Кәсібі бойынша үздік» атағы беріледі
Фото: ашық дереккөз

Медицина қызметкерлеріне «Кәсібі бойынша үздік» атағы берілетін болады, деп хабарлады Elorda.info. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің аталған атақты беруге қатысты ереже жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.

Атақ денсаулық сақтау саласындағы үздік жетістіктері үшін медицина қызметкерлеріне оларды ынталандыру және қолдау мақсатында беріледі. Медицина қызметкерлері атақты келесі номинациялар бойынша алады:

- «Үздік стационар дәрігері»,

- «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек дәрігері»,

- «Үздік жедел жәрдем дәрігері»,

- «Үздік ауыл дәрігері»,

- «Үздік провизор»,

- «Үздік денсаулық сақтау менеджері»,

- «Үздік медициналық жоғары оқу орны оқытушысы»,

- «Үздік санитарлық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігер»,

- «Үздік санитарлық-эпидемиологиялық сараптама маманы»,

- «Үздік денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкер»,

- «Үздік медицина колледжі оқытушысы»,

- «Үздік денсаулық сақтаудағы ғалым»,

- «Үздік стационар мейіргері»,

- «Үздік алғашқы медициналық-санитарлық көмек мейіргері»,

- «Үздік ауыл мейіргері»,

- «Үздік акушер»,

- «Үздік фельдшер».

Медицина қызметкеріне сол номинациядағы атақ 10 жыл ішінде бір реттен артық берілмейді.

«Кәсібі бойынша үздік» атағын беру конкурсына құжаттарды тапсыру сәтінде мынадай талаптарға сәйкес келетін қызметкерлер қатыса алады:

1) кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар дәрігерлер, фельдшерлер, акушерлер, мейіргерлер;

2) кемінде 10 жыл практикалық жұмыс өтілі бар денсаулық сақтаудағы әлеуметтік қызметкерлер;

3) кемінде 7 жыл практикалық жұмыс өтілі бар менеджерлер, провизорлар;

4) практикалық жұмыс өтілі кемінде 7 жыл санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі дәрігерлер мен мамандар;

5) педагогикалық/ғылыми жұмыс өтілі кемінде 7 жыл медициналық жоғары оқу орындарының, ҒЗИ, ҒО және колледждердің оқытушылары мен ғылыми қызметкерлері.

Ереже тәртібімен мына сілтеме арқылы таныса аласыздар.

Все новости