00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Мамандар қыстың кешігуіне байланысты болжамдарын айтты

29.11.2023 | 07:18
107
Фото: ашық дереккөз

Ауа райына қатысты болжамға сәйкес, Қазақстанның басым бөлігінде желтоқсанның бірінші онкүндігінің соңында қар түседі, деп хабарлады Elorda.info.

Ал республиканың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында айдың екінші жартысында жауады деп деп болжануда. 

Желтоқсан айының басында Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады. Сондай-ақ тұман, көктайғақ болады деп күтілуде, ал солтүстік өңірлерде ұйытқыған жел мен жаяу бұрқасынның соғуы мүмкін.  

Желтоқсанның бірінші онкүндігінің екінші жартысында оңтүстік аймақтарды қоспағанда, елдің басым бөлігінде аязды ауа-райы күтіледі. Қар жауып,  бұрқасынды жел күшейеді, термометрлердің бағандары түнгі уақытта

-10-20°С-қа, күндіз-3-10°С-қа дейін төмендейді деп болжануда. 

Күз неге жылы боп тұр?

Қазақстан аумағына тән емес жылы күз бен қыстың кеш келуі батыс және оңтүстік циклондардың жиі орын алуымен, сондай-ақ Иран мен Жерорта теңізі аудандарынан жылы ауа массаларының келуімен байланысты. Осыған байланысты Қазақстан аумағындағы температуралық фон климаттық нормадан 3-10° жоғары болды. Метеобақылау тарихында ағымдағы жылдың қараша айы өте жылы болды, жылы ауа-райының жоғарғы шегі 17-18 қараша аралығында байқалды. Соңғы рет ауа-райы жылы  қараша 2010 жылы болды, ол кезде ауа температурасы нормадан 2-7° ауытқыды.   

Бұл тарихта қашан байқалды?

Көпжылдық бақылаулар бойынша Астана қаласында  ең кеш қар жаууы  1967 жылғы 15 желтоқсанда (56 жыл бұрын) және 2008 жылғы 14 желтоқсанда (15 жыл бұрын) тіркелді. 

Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, елордада алғашқы қар жауатын аралық – 10 қазан, мен 10 қараша, ал кеш жауған уақыты -15 желтоқсан. Соңғы үш жылда – 2020, 2021, 2022 жылдары қарашаның бірінші онкүндігінің соңында, екінші онкүндігінің басында тұрақты қар  жауғаны тіркеліп, орташа қалыңдығы  8-13 см болған. 

Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды
05.07.2024 | 08:51
Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды
Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді
05.07.2024 | 08:32
Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде  әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
04.07.2024 | 21:39
Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
04.07.2024 | 21:35
Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
04.07.2024 | 21:09
Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
04.07.2024 | 21:05
Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
04.07.2024 | 20:08
Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
04.07.2024 | 17:56
Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
04.07.2024 | 17:50
Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
04.07.2024 | 17:41
Халықаралық қауіпсіздіктің архитектурасына қауіп төніп тұр – Президент
Все новости