00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды

02.12.2023 | 10:30
101
фото: дереккөзден

Магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды. Кешенді тестілеуге 8 мыңнан астам адам өтініш берген, деп хабарлады Elorda.info.

Кешенді тестілеуді тапсыруға өтініш қабылдау Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүзеге асырылды.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, ең көп таңдалған білім беру бағыттары қатарында «Педагогикалық ғылымдар», «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» және «Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистика» бар.

Шекті балдар өзгеріссіз қалды: ғылыми-педагогикалық магистратураға түсу үшін 75 балл, бейіндік магистратураға түсу үшін 50 балл жинау қажет. Кешенді тестілеу нәтижелерімен келіспеген жағдайда оқуға түсушілер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде онлайн-апелляция бере алады.

Магистратураға түсушілер 3,8 мың мемлекеттік білім грантына үміткер бола алады. Оның ішінде «Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары» білім беру бағдарламасына 1758 грант, Жаратылыстану ғылымдары, математика және статистикаға» 569 грант, «Педагогикалық ғылымдарға» 469 грант бөлінген.

Все новости