00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Ұлттық ұлан қатары жас офицерлермен толықты

20.06.2024 | 18:14
Сабина Кәкімжан
95
Ұлттық ұлан қатары жас офицерлермен  толықты
Фото: ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Ұлттық ұланның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы жас лейтенанттармен толықты, деп хабарлады Elorda.info.

Жас офицерлер взвод командирлері, рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасарлары сынды алғашқы кіші офицерлерлік лауазымдарға тағайындалды. Бұл туралы Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәлімдеді.

Кешегі әскери оқу орындарының курсанттары, бүгінде толыққанды командирлерге айналды. Олардың қарамағында жеке құрам және мерзімді қызметтегі сарбаздар ғана емес, сонымен қатар келісімшарт бойынша әскери қызметшілер де бар.

Лейтенант Адылхан Шабирханов Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында дүниеге келген. Петропавл қаласындағы Ұлттық ұлан Академиясын бітіргеннен кейін, Өскемен қаласының 5518 әскери бөліміне тәрбиеші болып тағайындалды.

Мен жеке құраммен әлеуметтік-құқықтық бағыт бойынша жұмыс жөніндегі офицер-тәрбиешімін. Алдағы уақытта өз мамандығым бойынша сарбаздарды тәрбиелейтін боламын және біз Отан қорғаушыларымыздың рухын, моральдық-психологиялық жай-күйін қадағалайтын боламыз. Бұл мамандық жеке мен үшін үлкен жауапкершілік болып саналады, - дейді Адылхан Шабирханов.

Ұлттық ұланнның «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының міндеттерін уақытша атқарушы полковник Ерлан Чокушев жас лейтенанттармен кездесіп, өзінің өмірлік және әскери қызметтегі мол тәжірибесімен бөлісіп, жас офицерлерді Отан игілігі үшін абыроймен қызмет етуге шақырды.

Все новости