Үлескерлік туралы заң екі тарапқа да ыңғайлы болуы керек – Талғат Ерғалиев
![Үлескерлік туралы заң екі тарапқа да ыңғайлы болуы керек – Талғат Ерғалиев](/img/articles/c8bb220426ac8bf3d1098178675b408e.jpg)
Астана қаласы мәслихатының депутаты, құрылыс, экология, көлік және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның мүшесі, «Қазақстан құрылысшылар одағы» РЗТБ төрағасы Талғат Ерғалиев Elorda.info тілшісіне жылжымайтын мүлік нарығында қалыптасып отырған жағдай туралы айтып берді.
- Талғат Файзуллаұлы, жылжымайтын мүлік нарығында қазір қандай тенденция қалыптасып отыр?
Қазақстан құрылысшылар одағының 20 өңірде филиалы бар. Яғни 20 өңірде жасалған келісімшарттар мен басқа да көрсеткіштерге қатысты апта сайын бізге жаңартылған деректер түсіп тұрады. Оларға қарайтын болсақ, соңғы уақытта жылжымайтын мүлік нарығында баспаналарды салу және оны өткізу бойынша жасалып жатқан келісімшарттардың саны азайғанын байқап отырмыз. Сондықтан құрылыс саласын жандандыратын бағдарламалар қажет деп санаймын. Халықтың біраз бөлігін баспанамен қамтуға, олардың әлеуметтік мәселесін шешуге мүмкіндік берген бірқатар ипотекалық бағдарламалар жабылды. Ал жаңа бағдарламалар бойынша әзірге құрылыс саласына қаржы түскен жоқ. Қазірдің өзіне кейбір құрылыс компаниялары салып жатқан нысандарды бастапқыда көрсеткен уақытта аяқтамай, пайдалануға беру мерзімін белгілі бір уақытқа шегеріп, кейінге қалдырып жатыр.
- Жақында халықты баспанамен қамту бойынша мемлекеттік бағдарламаларға құжат қабылдау басталады. Бұл бағдарламалар нарыққа қаншалықты әсер етеді?
Иә, «Наурыз», «Отау» сияқты бағдарламалар қабылданды. Қазір дайындық жұмыстары жүріп, тиісті құжаттары реттеліп жатыр. Бірақ ипотекалық бағдарламаларды қаржыландыру әзірге басталған жоқ. Менің ойымша мұндай бағдарламалар әлеуметтік мәселелерді шешеді. Бірақ, мынаны ескеруіміз керек. Жергілікті атқарушы органдарда түрлі санаттар бойынша баспана кезегінде тұрған, тұрғын үйге мұқтаж азаматтар саны азаймаған. Бір бөлігінің мәселесін шешсе, кезекке жаңадан азаматтар тұрып жатады. Өйткені облыс, аудан орталықтары мен ауылдардан ірі қалаларға, қоныс аударушылар саны көп. Оның қатарнада Астана да бар. Бүгінгі таңда халықтың 39 пайызы ауылдық жерлерде тұрады, болашақта бұл көрсеткіш 19-20 пайызға дейін түседі деген болжам бар. Демек қалаларда пәтерге сұраныс азаймайды, қайта қажеттілік арта береді. Ал олардың сұранысын қанағаттандырмау, үйлі болуына жағдай жасамау әлеуметтік шиеленіске әкеліп, қоғамдық мәселеге айналуы әбден мүмкін. Ірі қалаларға қоныс аударушылар санын азайту бойынша мәселенің шешімі табылмайынша бұл жағдай қайталана береді.
- Құрылыс компаниялары көпқабатты тұрғын үй құрылысын бастап кетеді де құжаттарын кейін рәсімдеп жататын жағдай жиі кездеседі. Бұның себебі қандай?
Қазір құрылыс компаниялары баспананы құжатпен салса да, құжатсыз салса да жауапкершілік бірдей. Бұл жерде мәселе «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңның кемшін тұстарында болып тұр. Бұл туралы Қазақстан құрылысшылар одағы 2016 жылдан жылдан бері айтып келе жатыр. Құрылыс саласында жүріа, бұл заңға тікелей қатысымыз болғандықтан құжатта ескерілмеген, айтылмаған тұстарды жақсы білеміз. Осы заңды өзгерту туралы ұсынысымызды 9 жылдан бері айтып келе жатқанымызды жоғарыда айттым. Алайда бүгінге дейін өзгеріс болмай отыр. Сол себепті нарықтағы құрылыс компанияларының небәрі 17 пайызы ғана заңға сәйкес жұмыс істейтіні белгілі болды. Ал қалғандары заң талаптарын сақтамастан құрылыспен айналысады. Егер де «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» заңда барлық жағдай ескерілсе олар да заңсыздыққа бармас еді деп санаймын. Жоғарыда аталған заңға енуі қажет өзгерістерде екі тараптың да мүддесі қорғалып, барлық жағдай ескерілуі тиіс. Құрылыс компаниясы да, үлескер де заңмен қорғалуы керек. Ең басты мәселе құрылыс нарығында жұмысты бастаудың тәртібі қатаң сақталуы тиіс. Себебімен емес, салдарымен күрескеннен, қалыптасып отырған мәселені жылы жауып, жасырғаннан ешкім ештеңе ұтпайды.
- Сұхбатыңызға рахмет.
![](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Жамбыл облысында сел жүріп, 500-дей қой суға ағып кетті](/img/articles/16e93a07350763897ae8f50c3f54ef34.webp)
![Қытайдан Қазақстанға 400 мыңға жуық турист келген](/img/articles/b3ef1a77a68256dad5fd42f6dff272b7.jpg)
![Енді eGov mobile қосымшасында еңбек шартына қол қоюға болады](/img/articles/31515f4182471c7f6a60814a300ca086.jpg)
![FIRST® GLOBAL робототехника бойынша халықаралық жарыстар өткізеді](/img/articles/b787655c05db0ee7c4060c444ed4d9d0.jpeg)
![Словенияда «Астана Опера» әртістерінің өнерін 3 мың көрермен тамашалады](/img/articles/65d5617fdc5d784757a606988d28177f.jpg)
![Облыс әкімінің кеңесшісі болып тағайындалған Нұрлан Қоянбаев қанша жалақы алады](/img/articles/67c637129771d46eafba2b8280fcb673.webp)
![Марат Қарабаев ҚХР Көлік министрі Ли Сяопинмен кездесті](/img/articles/da99f7d2735132950631e9e13b770d1b.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)