00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша демалыс күні болмайды

08.06.2024 | 09:07
Сабина Кәкімжан
125
Құрбан айт мерекесіне байланысты қосымша демалыс күні болмайды
Фото: қалалық әкімдіктің ресми сайтынан

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі (бұдан әрі – Еңбекмині) Құрбан айт мерекесіне байланысты 2024 жылғы 17 маусымда қосымша демалыс күні болмайтынын мәлімдеді, деп хабарлады Elorda.info.

Еңбек кодексінің 84-бабына сәйкес мұсылман күнтізбесі бойынша атап өтілетін Құрбан айттың бірінші күні демалыс күні болып табылады.

Еңбекмині жыл сайын өндірістік күнтізбені қалыптастырады, онда Қазақстан Республикасында алдағы жылға арналған мереке және демалыс күндері белгіленеді. 2024 жылға арналған өндірістік күнтізбені қалыптастыру кезінде Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы 2023 жылғы 17 қазанда ресми хат жолдаған болатын, онда 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 17 маусымға түсетіні, бірақ жаңа айдың көрінуіне байланысты ауысуы мүмкін екендігі хабарланған.

2024 жылғы 7 маусымда Қазақстан мұсылмандары Діни басқармасы 2024 жылы Құрбан айттың бірінші күні 16 маусымға келетінін хабарлады. Бұл жексенбі демалыс күнімен тұспа-тұс келгендіктен, 17 маусымда қосымша демалыс болмайды.

Естеріңізге сала кетейік, «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» заңға сәйкес демалыс күндеріне түсетін мереке күндері ғана ауыстырылуға жатады.

Все новости