Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығына 40 көне қолжазба тапсырылды
![](/img/watch-gray.png)
![Қолжазбалар және сирек кітаптар орталығына 40 көне қолжазба тапсырылды](/img/articles/95ee048eebe94d2e656977f529070f81.jpg)
Ұлттық қолжазбалар және сирек кітаптар орталығының қызметкерлеріне Жамбыл облысындағы ғылыми экспедиция барысында араб, парсы, шағатай тілдеріндегі 40-қа жуық көне қолжазба мен сирек кітаптар табысталды. Бұл туралы Elorda.info Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Көне кітаптардың ішінде XVIII ғ. ортасында өмір сүрген Аллаяр Сопының өлеңдері жазылған қолжазба, Пайғамбарлар өмірбаяны өлең түрінде жазылған қолжазба, Қазанда басылған Қасиетті Құран Кәрімнің бірнеше данасы, түрік-осман авторы Мухаммад Челебидің 1894 ж. Қазанда басылған «Мухаммадия» кітабының бірнеше данасы, «Мәуліт» кітабы, Физули өлеңдері, Ханафи мазһабы бойынша іргелі еңбектердің бірі «Шарх әл-Викая», 1893 жылы Стамбулда басылған «Шарх әл-Кафия ли-Исфаханди» бар. Сондай-ақ Қожа Хафиз Ширазидің парсы тіліндегі ғазалдары, Мухаммад Саляхтың 1902 ж. Қазанда басылған «Тарджама Мухтасар әл-Викая» еңбегі, сондай ақ Ислам тарихына қатысты, араб, түркі грамматикасына қатысты кітаптар мен мұсылман күнтізбесі де құнды мұралар қатарын толықтырды.
Сонымен қатар, қолжазбалар орталығының қызметкерлеріне кітаптар сақталған құнды жәдігер қара былғарымен қапталған сандықша қоса берілді.
Ғылыми-зерттеу экспедиция барысында орталық қызметкерлері Ш.Уәлиханов атындағы Жамбыл облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясы мен Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі және «Ежелгі Тараз ескерткіштері» мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы, Шерхан Мұртаза атындағы руханият және тарихтану орталығында болған қызметкерлер бірнеше құнды кітаптардың көшірмесін алды.
![](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Назым Қаһарман Бишімбаевпен қалай ажырасқанын айтты](/img/articles/c19acfe606b848e03218860a7c87b0c4.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)