00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Құны 66 млн долларға тең мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды

04.06.2024 | 10:36
Торғын Аман
78
Құны 66 млн долларға тең мұнай терминалы мемлекетке қайтарылды
Фото: ашық дереккөз

Алматы қаласы прокурорының талап-арызы бойынша Ақтау халықаралық теңіз сауда портының акваториясында орналасқан мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, деп хабарлады  Elorda.info.

Мұнай терминалының құны 66 млн АҚШ долларға тең, ал ауданы 134 гектарды құрайды.

«Талап-арыз Асқар Құлыбаевқа тиесілі компанияның шетелдік инвестордың меншігін заңсыз алып қоюы нәтижесінде келтірілген залалды өтеу мақсатында берілген. Анықталғандай, 2011 жылы мұнай терминалы Құлыбаев компаниясының меншігіне алынған», -деп көрсетті Бас Прокуратураның баспасөз қызметі.

2024 жылдың 26 ақпанында Маңғыстау облысы Мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімімен Алматы қаласы прокурорының талап-арызы қанағаттандырылды, мұнай терминалы мемлекет меншігіне қайтарылды, сот актісі заңды күшіне енді.

Все новости