00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған азамат 6 жылға сотталды

22.05.2024 | 15:37
125
Көкшетауда қаржы пирамидасын құрған адамат 6 жылға сотталды
фото: дереккөзден

Көкшетауда «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған және басқарған қала тұрғынына қатысты үкім шықты, деп хабарлады Elorda.info.

Көкшетау қаласының тұрғыны жаңартылатын энергия көздеріне инвестиция саламыз деген сылтаумен жеке тұлғалардан ақша тарту мақсатында «Chia Tai Tianging» қаржы пирамидасын құрған.

Қаржы пирамидасына салымшылардан 291 миллион теңгеден астам қаржы тартылды. Олар криптовалютаға аударылған және «Платформа CP Group» платформасына есептелген.

«Сот үкімімен «Н»  кінәлі деп танылды және мүлкі тәркіленіп, 5 жыл мерзімге азаматтардың қаражаты мен инвестицияларын тартуға байланысты қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді», - деді Ақмола облысының прокуратурасы.

Все новости