00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Қазақстанның ең танымал 5 курорты анықталды

27.06.2024 | 10:39
Олжас Сүлейменов
141
Қазақстанның ең танымал 5 курорты анықталды
Фото: egemen.kz

2024 жылдың қаңтар-наурыз айлары аралығында 766,6 мың адамға отандық курорттық аймақтар қызмет көрсетті. Бұл 2023 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 63,1 мың адамға артық, деп хабарлады Elorda.info.

Осы аралықта туристер арасында мына курорттарға сұраныс жоғары болды:

Ең танымал курорттық аймақ – 551,9 мың адам барған Алматы тау кластері;

Екінші орын Щучье-Бурабай курорттық аймағына тиесілі. 69,1 мың адам барған;

Үшінші – Маңғыстау курорттық аймағы, 57,5 мың келуші орналасқан.

Үздік бестікке сонымен қатар екі танымал курорттық аймақ – Түркістан туристік аймағы (26,1 мың адам) және Алтай курорттық аймағы (20,7 мың адам) енді.

«2024 жылдың қаңтар-наурыз айларында курорттық аймақтарда орналастыру орындарымен көрсетілген қызметтердің көлемі 27,8 млрд теңгені құрады. 2023 жылдың осындай кезеңінде 23,2 млрд теңгеге қызмет көрсетілді, бұл тиісінше 19,8%-ға артық», - деп хабарлады Ұлттық статистика бюросы.

Все новости