00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бастамалары таныстырылды

30.05.2024 | 12:47
Олжас Сүлейменов
115
Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігі жөніндегі бастамалары таныстырылды
Фото: дереккөз

AMANAT партиясының хатшысы Эльдар Жұмағазиев Бангкокта іскерлік кеңестің 2-ші отырысына және Азиялық саяси партиялардың Халықаралық конференциясы Тұрақты комитетінің (АСПХК) 41-ші отырысына қатысты, деп хабарлады Elorda.info.

Эльдар Жұмағазиев Азиялық саяси партиялардың Халықаралық конференциясы Іскерлік кеңесінің 2-ші отырысында сөз сөйледі. Іс-шарада өңірлік ынтымақтастық, тұрақты даму және бейбітшілік мәселелерін талқылау үшін Азияның түрлі субаймағындағы 23-тен астам саяси партияның өкілдері бас қосты.

Өз сөзінде Эльдар Жұмағазиев климаттың өзгеруі, геосаяси тұрақсыздық және азық-түлік қауіпсіздігі сияқты жаһандық сын-қатерлерді шешудегі халықаралық ынтымақтастықтың маңызын атап өтті. Ол Қазақстан азық-түлік қолжетімділігін жақсартуға және оның сапасын қамтамасыз етуге ықпал ете отырып, әлемдік қоғамдастықтың белсенді қатысушысы саналатынын жеткізді. Қазақстан жыл сайын 6-7 млн тонна бидай экспорттап, дәнді дақылдар өндірісі бойынша көшбасшы елдер қатарына кіреді.

«Бүгінде әлем климаттың өзгеруі және геосаяси тұрақсыздық сияқты жаһандық сын-қатерлерге тап болған кезде, әлем халқының үштен біріне жуығы азық-түлік тапшылығын сезініп отырған тұста тұрғындарды сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселесі басты міндет болып қала береді», – деді ол.

Сондай-ақ ол Қазақстан өзге елдерге гуманитарлық көмек көрсетіп жатқанына да назар аударды. Былтыр еліміз табиғи апаттардан зардап шеккен алты мемлекетке қолдау ретінде 92 миллион АҚШ долларын бөлді. Олардың қатарында Палестина, Ауғанстан, Түркия және Пәкістан сынды елдер бар.

AMANAT хатшысы жаһандық азық-түлік пен тыңайтқыш жеткізуді саясиландырмау қажет екеніне ерекше мән берді.

Все новости