00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Қазақстан мен Түркия әскери қызметшілері тәжірибе алмасты

22.05.2024 | 12:45
184
Қазақстан мен Түркия әскери қызметшілері тәжірибе алмасты
Фото: дереккөз

Түркия Республикасы Ұлттық қорғаныс университетінің және басқа да жетекші оқу орындарының өкілдері Астана, Алматы және Ақтөбе қалаларындағы әскери жоғары оқу орындарында бірқатар кездесу өткізді, деп хабарлады Elorda.info.

Астанада Ұлттық қорғаныс университетінде Түркиядан келген әскери қызметшілердің қатысуымен симпозиумдар ұйымдастырылды. Онда әскери ғылым өкілдері әскери шешімдер қабылдау тәжірибесін, сондай-ақ әскерлерді өрістету мен әскерлерді басқарудағы көшбасшылық қасиеттердің әсерін талқылады.

Ал Алматыда түрік мамандарының қатысуымен Құрлық әскерлерінің әскери институты мен Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтында семинарлар мен тренингтер ұйымдастырылды. Оқу орнының ерекшелігін ескере отырып, мұндай сабақтар Ақтөбедегі Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің әскери институтында да өтті.

Айта кетейік, тәжірибе алмасулар Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволары арасындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде өтті.

Все новости