JOLTAP жобасы курсынан мол оқу-тәжірибе жинадық – жоба қатысушысы
![](/img/watch-gray.png)
![JOLTAP жобасы курсынан мол оқу-тәжірибе алдық – жоба қатысушысы](/img/articles/5a1ede1ab27f7b6ee18b2cfbba25b9b6.jpg)
Астанада Joltap әлеуметтік жобасы былтыр қыркүйектен бері жүзеге асырылып келе жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
«Баршаға мүмкіндік» деп аталатын 10 модульдік пунктте 52 түрлі мемлекеттік қолдау бойынша кеңес беріледі. Сондай-ақ, 14 мамандық бойынша қысқа мерзімді оқуға жазылуға және жұмысқа орналасуға көмек көрсетіледі.
Бұл жобаға 18 - 50 жас аралығындағы қосымша мамандық алып, тұрақты табыс тапқысы келетін немесе қаржылық жағдайын жақсартқысы келетін астаналықтар қатысуда. Солардың бірі – Нұрбек Исмурзинов. Ол аяқ киім жөндеуші және кілт жасаушы мамандығы бойынша қысқа мерзімді курсты оқыды.
Ол қазіргі кезде сұранысқа ие және тұрақты табыс әкелетін кәсіптерді игеріп шыққанына дән риза.
Оқу барысында екі шеберханадан тәжірибеден өттім. Біз арнайы құрылғыларда перфорацияланған кілттерді, ағылшын кілттерін жасадық. Сондай-ақ курста чип және домофон кілттерінің жасалуын көрсеткендері ұнады. Бұдан басқа бағдарламалау негіздерін де үйрендік.
Сонымен қатар, Нұрбек Жәнібекұлы курстың ауқымды және мазмұнды болғанын айтты.
Оқытушылар өте сапалы білім берді. Оқу-тәжірибе мол болды. Жаздық та, тест тапсырдық та. Бәрі әділ болды. Менің жобаға деген алғысым шексіз, - дейді ол.
JOLTAP жобасы аясындағы оқу бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін қатысушылар тек сертификаттар алып қана қоймайды, сонымен қатар олардың алдынан түрлі мүмкіндіктер ашылады. Олардың қатарында ресми жұмысқа орналасу, үйден тапсырыс қабылдау мүмкіндігі бар штаттан тыс жұмыс, жұмыс жасап тұрған бизнесті дамыту немесе микробизнес ашу және «JUMYS TAP» Telegram ботында түйіндемені тегін жылжыту кіреді.
Айта кетейік, биыл елордада осы жоба бойынша 10 мың тұрғынды жаңа мамандықтарға оқыту жоспарланып отыр. Ал оқыту бағдарламалары мамандыққа байланысты 2 аптадан 1 айға созылады. Жоба арқылы оқығысы немесе ақыл-кеңес, бағыт-бағдар алғысы келетін кез келген елорда тұрғыны «Баршаға мүмкіндік» модульдік пункттеріне баруға болады.
![](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Әнші Индира Расылхан хиджабы үшін көптің сынына қалды](/img/articles/28ec7871832fafb2b6c9c4a225d4e5a8.jpg)
![Елордалық ұландықтар күшейтілген жұмыс режиміне көшті](/img/articles/439e2252b6f3d6b87036b5f3bdf38864.jpg)
![Елімізде 132 мың адам өздерін құмар ойындардан шектеді](/img/articles/ec8257dd224dd54165f8c37dc5d461dd.jpg)
![Ауыл шаруашылығы министрлігі ҚХР-дың ет қауымдастығымен ынтымақтастық орнатуға ниетті](/img/articles/225170453a36cb03d3800f02a4757fe2.jpeg)
![Елордада 4 шілдеде бірқатар автобустың жүру бағыты өзгереді](/img/articles/e656b658413ed84cd76f1f894afe489d.jpg)
![Жамбыл облысында ауылдар ішімдіктен бас тартты](/img/articles/997b4377de5eb9fb8a8a779ed000a2d8.jpg)
![Елордада конкурдан ашық қалалық турнир өтеді](/img/articles/a6b789e9e374aceb0848347c8008416f.jpeg)
![Таразда Ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті ашылады](/img/articles/bc83d36d6fa0100cd10f2d2428b9d910.jpg)
![61 мыңнан астам қазақстандық Skills Enbek платформасында оқыды](/img/articles/1ba1e62b0678f5cba722a4c3cd21c02f.jpg)
![Жыл басынан бері ұсақ бұзақылық жасаған 900-ге жуық елордалық жауапқа тартылды](/img/articles/d7b090655c717d535a4d77f406207af0.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)