«JOLTAP» жобасы арқылы жаңа мамандық игердім – кәсіпкер келіншек
![](/img/articles/c431ded7074648dedcb93de010f8eb8a.jpg)
JOLTAP жобасы аясында екі мыңнан астам жұмыссыз астаналық тегін қысқамерзімді курстардан өтті. Қалалық әкімдік жүзеге асырып жатқан ауқымды жоба арқасында тұрғындар екі қолға бір күрек тауып, қаржылық жағдайын жақсартып, жаңа мамандық игеріп жатыр.
Аталған жоба бойынша қала тұрғындары цифрлық және жұмысшы мамандықтарын оқып, сертификат алады. Бүгінгі күнге дейін жобаға қатысушылардың біразы техникалық мамандықтарды игерсе, ендібіреулері цифрлық саланың тілін меңгерді.
Солардың бірі – астаналық Санат Мамешова. Ол біраз жыл білім беру саласында қызмет еткен. Алайда бала күнінен дизайнер болуды армандаған елордалық келіншек жеке тігін ательесін ашуды ойластырып жүріпті.
2021 жылы бала күтіміне байланысты декреттік демалысқа шықтым. Осы уақытта үйде отырып бала күнгі арманымды жүзеге асыруды ойладым. Былтыр күзде осы жоба жайлы естідім. Кейін қаладағы «Бaршaғa мүмкіндік» модульдік пунктерінің біріне барып, тігін саласы бойынша тегін оқыту курсына жазылдым, - дейді жоба қатысушысы.
Іскер әйелдің айтуынша, бір айдың ішінде тігіншілікті толық меңгеріп шығып үлгерген. Себебі сабақ күн сайын өткендігін айтады.
Тігін саласы бойынша оқыту курсы бір ай болды. Курс барысында көптеген сұраққа жауап алдық. Бұрын өзімше ізденіп артынан Барлық нәсрені практика жүзінде көрсетіп, үйретті. Бастысы оқытушылар – өте қарапайым. Мәселен, егер сіз жекеменшік оқыту орталықтарына барсаңыз, онда сізді аптасына бір рет ғана оқытады. Ал мұнда біз күн сайын оқыдық. Тіпті сенбі күні сабақ болды, - дейді кәсіпкер келіншек.
Осылайша ол тігіншілік курсында тегін оқу мен қатар жинаған тәжірибесінің арқасында өзінің көптен күткен жеке ательесін ашып, кәсібін бастап кеткен. Оның пікірінше соңғы кезде ұлттық нақыштағы киімдерге сұраныс артып келеді екен.
Бүгінгі таңда қазақи нақыштағы заманауи үлгідегі киім-кешектер, кимешектер тігеміз. Сондай-ақ арнайы тапсырыстар қабылдаймыз. Арасында киімдердің стилін өзгертіп тұрамын. Қазіргі кезде ұлттық нақыштағы киімдерге сұраныс артқан. Елордалықтар күнделікті өмірде ұлттық ою-өрнектермен безендірілген киімдерді киіп жүруді сәнге айналдырған, - дейді кейіпкеріміз.
Сондай-ақ ол осы уақытқа дейін әрүрлі көрмеге қатысып үлгерген.
Кәсібін дөңгелетіп отырған Санат Мамешова тігінге қызығушылығы бар бірнеше қыз-келіншектерді жұмыспен қамтып отыр.
«JOLTAP» жобасының көпке тигізер пайдасы мол. Бұл арқылы әр адам жаңа мамандық игере алады болмаса қосымша біліктілігін арттырады. Мәселен, тігінді білу әр қыз-келіншекке қажет дүние деп есептеймін. Байқасаңыз, қазір ине ұстамайтын, әйелдер көбейіп кеткен. Тіпті үйде бала-шағасының киімдерін тігіп беріп отырса, қандай керемет,- деп сөзін түйіндеді Санат Мамешова.
Айта кетейік талай адамға жаңа мүмкіндігін жүзеге асыруға жағдай жасаған аталған жоба Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен жүзеге асып отыр. Жобаға 18 бен 50 жас аралығындағы кез-келген елордалық қатыса алады. Әкімдік өкілдерінің айтуынша жоба қала тұрғындарының табысын арттыруды мақсат етеді.
«JOLTAP жобасы Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен және «Жаңа мүмкіндік» қоғамдық қорының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Оған қатысуға ниет білдірген кез-келген қала тұрғыны үшін жоба қолжетімді. Негізгі мақсат – астаналықтардың табысын арттыруға жағдай жасау, Сол арқылы елордалықтардың әлеуметтік жағдайын жақсартуды жолға қою, - деді жоба менеджері Ерасыл Ділдәйім.
![](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![Елорда күніне орай Bozjyra Fashion Week Astana шарасы өтеді](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![Ішкі істер органдары халыққа 105 қызмет түрін көрсетеді](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![Елордада дауылды ескерту жарияланды](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![«Қойшы бала» өнерден кететінін мәлімдеді](/img/articles/35618ebb37ef648b52826911e8a899e5.jpg)
![1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді](/img/articles/8fdb6392a55cdb34e743ccd87da305ee.jpg)
![Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды](/img/articles/f8dbc3e8a67cc157d748a000d539c28c.jpg)
![Каспий теңізінің деңгейі көтерілді](/img/articles/3687a63103f188b09b1390e288bd42f2.png)
![Қазақстандық волонтерлер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді](/img/articles/7e75656a2cabc48571f7c02cd55a3233.jpg)
![Еліміздегі ең үздік 10 боксшының жаңа рейтингі жарияланды](/img/articles/937301a3b046b12758196b2d21877902.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)