00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Халықаралық балаларды қорғау күні: ерекше балалар арасында спорттық шара өтті

30.05.2024 | 13:12
Қанат Байұзақов
166
Халықаралық балаларды қорғау күні: ерекше балалар арасында спорттық шара өтті
Фото: әкімшіліктен

Астана қаласында Халықаралық балалар күніне орай алғашқы құттықтау мерекесі басталды, деп хабарлады Elorda.info.

Бүгін Паралимпиадалық жаттығу орталығында 6-12 жас аралығындағы балаларға арнайы спорттық іс-шара өтті. 1 маусым әлі болмаса да, мүмкіндігі шектеулі балаларға бірінші кезекте көңіл бөлінді. Себебі, елімізде осындай санаттағы балалардың саны жыл сайын артып жатыр. 2024 жылғы мәліметтерге сәйкес, Қазақстанда 109,5 мың баланың «мүгедек» деген статусы бар. Мысалы, 2022 жылы 14,4 мың бала осындай статусты иеленсе, 2023 жылы олардың саны 15 мыңға дейін артқан. Сондықтан ерекше балаларға назар аудару - бірінші кезектегі мәселе.

Осы орайда елордамызда бірінші рет ауқымды көлемде 50-ге жуық бала 7 түрлі эстафеталық сайыстан (дартпен допқа кіру, допты себетке лақтыру, дриблинг, басқатырғышты жинау, допты беру, командамен жүгіру, картадан қазынаны табу) сынға түсті.

12 жастағы Алтынай атты қызым 7 жылдан бері осы Паралимпиада жаттығу орталығына тұрақты келеді. Ол арбадағы спорттық би, бочча, үлкен тенниспен айналысады. Спорт – біздің өміріміз. Тек салауатты өмір салтын ұстану арқылы біз ауруды жеңіп, өзгелер секілді тең мүмкіндік аламыз. Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған осындай шараның болғанына өте қуаныштымын, - деді Салтанат Ардаққызы.

Осындай іс-шараны ұйымдастыруға Астана қаласының Дене шынықтыру және спорт басқармасы, «LAVASH FOOD» жылдам тамақтану мейрамханалар желісі атсалысты.

Мерекелік эстафетаның соңында барлық қатысушыларға арнайы фуршет жайылып, сыйлықтар таратылды.

Все новости