00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Ертіс орманында 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынады

Ертіс орманында 2029 жылға дейін ағаш кесуге тыйым салынады
Фото: ашық дереккөз

Экология және табиғи ресурстар министрлігі «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында ағаш кесуге мүлде тыйым салуды жоспарлап отыр. Бұл тыйым 2029 жылдың 1 қаңтарына дейін әрекет етеді, деп хабарлады Elorda.info.

«Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты республикалық мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік орман қоры учаскелеріндегі екпелерде ағаш кесудің барлық түріне (өтімді қоқырсуды жинаудан, соқпақтарды шабудан және орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесуден басқа) осы Бұйрық қолданысқа енгізілген күннен бастап 2029 жылғы 1 қаңтарға дейін тыйым салынсын, – делінген Экология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының бұйрығының жобасында

Еске салайық, «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерваты Шалдай және Бесқарағай орман шаруашылықтарынан, оның ішінде 16 орманшылықтан тұрады. Орман жамыл­ғысының жал­пы аумағы 177 мың гектар. Қорғалуы жағы­нан «Аса құнды орман алқап­тары» санатына жатады. 2023 жылы Прокуратура «Ертіс орманы» мемлекеттік орман табиғи резерватында 331 текше метр көлемінде заңсыз ағаш кесілгенін анықтады. 

Ал биылғы ақпанда «Ертіс орманы» табиғи резерватының басшысы пара алды деген күдікке ілінді.

Все новости