00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Ерке Есмахан күйеуі екеуінің арасындағы сырды айтты

Ерке Есмахан күйеуі екеуінің арасындағы сырды айтты
Фото: Instagram/erke_esmahan

Әнші Ерке Есмахан күйеуі Райм екеуінің қарым-қатынасының құпиясын халыққа үйретпек болып жүргендерді желіде сынап тастады, деп хабарлады Elorda.info.

Ерке Есмахан Instagram-дағы парақшасында жазба жариялап, өзінің есімін пайдаланып, танымал болғысы келетіндерге үндеу жасады. Өнер иесі әлдекімдер жолдасы екеуінің арасындағы махаббатты талқыға салып, оны өзгелерге үйретуге ниетті екенін айтты. Әнші мұның біріне де қатысы жоқ екенін айтып, көпшілікті сенбеуге шақырды.

«Ерке Есмаханның құпиясы, техникасы, энергиясы, тіпті Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтып, үйретеміз деп жатыр екен көп білгіштер. Өзім де қатыссам ба деп қоям. Не деген Ерке Есмахан ол сонша деймін. Менің техникам - шынайылық. Қалғанына сенбеңіздер», - деп жазды Ерке.

Все новости