Елордалықтарға азық-түлік себеті таратылып жатыр
![Елордалықтарға азық-түлік себеті таратылып жатыр](/img/articles/d7ec66b94c4a59c877ed05eeff85eedc.jpg)
Құрбан айт мейрамына орай Астанада жылдағы дәстүр бойынша көмекке мұқтаж азаматтарға азық-түлік себеттері тапсырылып жатыр, деп хабарлады Elorda.info.
Бұл ауқымды іс-шараны қала әкімдігі мен демеуші болған PetroRetail компаниясы «Игі істер марафоны» аясында өткізіп жатыр.
Бүгін мыңға жуық себет әлеуметтік жағынан осал отбасыларға таратылып жатыр. Олар – көпбалалы отбасылары, жалғызбасты аналар, зейнеткерлер, мүгедектігі бар азаматтар, ерекше бала тәрбиелеп отырған отбасылар. Қораптың салмағы 45 келі. Азық-түлік себетінде күнделікті тұрмысқа қажетті тауарлар бар. Атап айтсақ, күнбағыс майы, қант, ұн, сүт және т.б. Осындай қайырымдылық іс-шарасына атсалысқаны үшін «Petro Retail» компанисына алғысымызды білдіреміз. Сонымен қоса, өзге де бизнес өкілдерін игі іске қатысуға шақырамыз, - деді Астана қаласы әкімінің кеңесшісі Қуаныш Молдабек.
Ал «Астана жастары» жастар ресурстық орталығының еріктілері азық-түлік себеттерін мұқтаж жандардың үйлеріне дейін жеткізіп береді.
Себеттердің бірі астаналық көпбалалы ана Жанагүл Қарасаеваға табысталды. Ол осындай көмек көрсеткені үшін ұйымдастырушыларға шексіз алғысын білдірді.
Қалалық әкімдік пен PetroRetail компаниясына алғысымды білдіргім келеді. Мерекелік көңіл-күй сыйлағандарыңызға рақмет. Барша қазақстандықтарды Құрбан Айт мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңзіге саулық, бастарыңызға амандық тілеймін, - деді көпбалалы ана.
Осындай акция Астанада жыл соңына дейін ұйымдастырылады.
Айта кетейік, былтыр наурыздан бастап қалада он мыңдай отбасыға 4000-нан астам азық-түлік себеті таратылды.
![](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![Елорда күніне орай Bozjyra Fashion Week Astana шарасы өтеді](/img/articles/dcfca772e4165ad9c1a0996b13c43af5.jpg)
![Қазақстан мен Қытай арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды](/img/articles/27a379ea806131716a7b4be41f4596ff.jpg)
![Ішкі істер органдары халыққа 105 қызмет түрін көрсетеді](/img/articles/7bcd533a46a6c4b1dd2cf549ff8f571e.jpg)
![Елордада дауылды ескерту жарияланды](/img/articles/d812df8b5c1f4390c861397f72e0ec98.jpg)
![«Қойшы бала» өнерден кететінін мәлімдеді](/img/articles/35618ebb37ef648b52826911e8a899e5.jpg)
![1 қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы көбейеді](/img/articles/8fdb6392a55cdb34e743ccd87da305ee.jpg)
![Қостанай облысында 70 шетел азаматы құтқарылды](/img/articles/f8dbc3e8a67cc157d748a000d539c28c.jpg)
![Каспий теңізінің деңгейі көтерілді](/img/articles/3687a63103f188b09b1390e288bd42f2.png)
![Қазақстандық волонтерлер БҰҰ құрылымдарында тағылымдамадан өтеді](/img/articles/7e75656a2cabc48571f7c02cd55a3233.jpg)
![Еліміздегі ең үздік 10 боксшының жаңа рейтингі жарияланды](/img/articles/937301a3b046b12758196b2d21877902.webp)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)