00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық полицейлер телефон ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады

16.05.2024 | 12:26
127
Елордалық полицейлер телефон ұрлығымен айналысқан күдіктіні ұстады
Фото: дереккөз

Сарыарқа аудандық полиция басқармасының жедел уәкілдері ұялы телефон ұрлады деген күдікпен 19 жастағы астаналық азаматты анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Жас жігіттің елордада қоғамдық орындарда ұялы телефон ұрлаумен айналысқаны белгілі болды. Оның атына 7 ұрлық фактісі тіркелген.

Ол Потанин көшесінде дүкен сатушысына тиесілі «Айфон 12» телефонын ұрлап кеткен. Тағы бір жағдайда, ол бір күнде кәмелетке толмағандардың екі «iPhone 14 Pro max» және «Vivo» телефондарын ұрлап үлгерген. Ойын алаңдарында жасөспірімдерді іздеп жүріп, қараусыз қалған заттарды байқап, ұрлық жасаған, - делінген хабарламада.

Ұсталған азамат кінәсін мойындады. Оның ұрланған смартфондарды сатып алушыларға сатқаны да анықталды.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Күдікті осыған ұқсас бұрын жасалған қылмыстарға қатысты болған.

Полицейлер елорда тұрғындары мен қонақтарына үндеу тастап, қоғамдық орындарда гаджеттерді пайдалану кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтауды ескертіп, Заңсыз әрекеттер орын алған жағдайда дереу «102» арнасы бойынша полицияға хабарлау керектігін еске салады.

Все новости