00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық полицейлер көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады

18.06.2024 | 15:07
Олжас Сүлейменов
99
Елордалық полицейлер көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушіні ұстады
Фото: дереккөз

«Мас жүргізуші – қылмыскер» жергілікті рейдтік іс-шарасын өткізу кезінде астаналық полицейлер Toyota camry автокөлігінің жүргізушісін анықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Ол осы жылдың наурыз айында сот шешімімен жеті жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылған.

Түнде мас жүргізуші басқарған көлікті полиция қызметкерлері сауда үйінің тұрағында тоқтатты. Көлік басқару құқығынан айырылғанына қарамастан, 32 жастағы ер адам мас күйінде көлік жүргізген.

Аталған факті бойынша тәртіп бұзушы одан әрі талқылау және іс жүргізу шешімін қабылдау үшін полицияға жеткізілді, - делінген хабарламада.

Медициналық куәландыруға сәйкес, жүргізуші жеңіл дәрежедегі мас күйінде көлік басқарған. Қазіргі уақытта құқық бұзушыға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

«Мас жүргізуші – қылмыскер» жергілікті рейдтік іс-шарасы аясында үш тәулік ішінде елордада 22 мас жүргізуші ұсталды. Олардың ішінде бұрын көлікті басқару құқығынан айырылған және мас күйінде басқарған 5 жүргізуші бар. Коммуналдық тұраққа 23 автокөлік қойылды.

Астана қаласының Полиция департаменті автокөлік иелеріне жол ережелерін сақтауды және көлік құралын мас күйінде немесе көлік құралын басқару құқығынсыз жүргізбеуді ескертеді.

Все новости