00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Астаналық полицейлер брендтік иіс суларды ұрлаған ер адамды ұстады

20.06.2024 | 17:14
Сабина Кәкімжан
77
Астаналық полицейлер  брендтік иіс суларды ұрлаған ер адамды ұстады
Фото: Polisia.kz

Астанада дүкеннен брендтік иіс суларды балалар арбасына салып, алып шыққан ер адам ұсталды, деп хабарлады Elorda.info polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полицияға сауда желісінің өкілі жүгініп, белгісіз біреу бутиктен иіс су мен косметика ұрлағанын айтып арызданған. Ол 350 мың теңгеге жуық шығын келтірген.

Есіл ауданы полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында ұрлыққа қатысы бар деген күдікпен 42 жастағы қала тұрғынын анықтады.

Тергеу барысында ер адамның сол жақ жағалауда орналасқан сауда-ойын-сауық орталығындағы косметика бутигіне барғаны белгілі болды. Ол сауда залында клиент кейпінде тауарларды қарап жүріп, бірнеше брендтік иіс су мен әртүрлі косметикаларды балалар арбасына салып дүкеннен шығып кеткен. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ер адам мойындау көрсетпелерін берді, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріледі, - деп жазылған хабарламада.

Астана қаласының Полиция департаменті сауда нүктелерінің иелеріне қырағы болуды және дүкендерді ұрлаудан қорғау бойынша қосымша шаралар кешенін жүзеге асыруды назарға алуды ұсынады.

Все новости