00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Елордалық имамдар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады

Елордалық имамдар «Таза Қазақстан» акциясын қолдады
Фото: Василий Крась

Астана қаласы Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан: Астана – тазалық пен тәртіптің үлгісі» экоакциясы аясында  қалалық зират аймағында сенбілік өтті, деп хабарлады Elorda.info.

Тазалық жұмысына Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиев, Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов, Діндерді зерттеу орталығының директоры Алмас Ерназаров пен орталық қызметкерлері және мешіт жамағаты қатысты.

Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Қайролла Көшқалиевтің сөзінше, акцияға 50-ге жуық адам қатысып жатыр.

Бүгін Мемлекет басшысы жариялаған  «Таза Қазақстан»  акциясы аясында Дін істері жөніндегі басқарма, Діни бірлестіктер мен Діндерді зерттеу орталығының қызметкерлері бірге акцияға ат салысып жатыр.  Бүгін қалалық зират  айналасын қоқыстан, әсіресе құрылыс қалдықтарынан тазалап жатырмыз. Жалпы шараға 50-ге жуық жамағат қатысып жатыр,- дейді Қайролла Көшқалиев.

Тазалық жұмысы алдымен құран бағыштаудан басталды. Әрі қарай акцияға қатысушылар  аумақта тазалық жұмысын жүргізді.

Елімізде «Таза Қазақстан»  акциясы аясында көп игі іс жасалып жатыр.  Бүгін мешіт имамдары мен шәкірттері орталық зиратқа келіп, сауапты іс жасауда. Жалпы имани тәрбиеге мән беретін болсақ, тазалық- иманан деп айтамыз.  Кешегі бабаларымыз  үйінің жан-жағын тазалап, әрқашан көктем-жазға дайындық жүргізген. Сондықтан ең бастысы тазалық ұстану керек. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- дейді Астана қаласының бас имамы Ерболат Жүсіпов.

 

Все новости