00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылыс жалғасып жатыр

Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылыс жалғасып жатыр
фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

Еліміздің бірқатар өңіріне жұмыс сапарымен барған Көлік министрі Марат Қарабаев Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпірдің құрылыс барысын тексерді, деп хабарлады Elorda.info министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін екі жолақты автомобиль көпірінің жалпы ұзындығы 1316 метрді құрайды.

Аталған жобаның аймақ үшін стратегиялық маңызы зор. Құрылыс нысанының халық игілігіне пайдалануға берілуі Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысының көлік инфрақұрылымын жақсартады деп күтілуде.

Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір Шығыс Қазақстан облысының Жарма, Катонқарағай, Күршім, Көкпекті, Зайсан, Алтай аудандары арасындағы көлік құралдарының үздіксіз қозғалысы үшін маңызды нысан.

Салынып жатқан көпір өткелінің жалпы ұзындығы 20 шақырымды құрайды. 21 тіректің 18-і салынып, қалған үш тірек бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Нысанда арнайы айлақ, жиынтықтаушы бөлшектерді дайындауға арналған уақытша құрылыс алаңдары жұмыс істейді, сондай-ақ инженерлік желілер тартылған. Жұмысты жеделдету мақсатында көпірдің құрылысы бір мезгілде сол және оң жағалаудан қатар жүргізілуде.

Қазіргі уақытта уақытша технологиялық көпірдің құрылысы толығымен аяқталған. Бұл аталған құрылыс жұмыстарын орындау үшін қажетті алаңдармен қамтамасыз ететін аумақ. Кірме жолда жер төсемін орнату және құм-қиыршық тас төсеу жұмыстары аяқталды. Алдағы уақытта жалғасатын құрылыс-монтаждау жұмыстарына арналған барлық қажетті материал дайын. Учаскедегі жұмысшылар екі ауысымда істейді, жалпы саны 200-тен астам адам жұмылдырылылған.

Все новости