00:00
Астана -10oC
USD:
475.18
EUR:
510.72
RUB:
5.47
Поиск

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген отбасылық бизнесі жайлы айтты

Димаш Құдайбергеннің қарындасы Раушан Құдайберген отбасылық бизнесі жайлы айтты
Фото: Instagram/ raushan_kudaibergen

Ол «Оян» бағдарламасына сұхбат беріп, мейрамхана ісін егжей-тегжейлі түсіндірді, деп хабарлады Elorda.info.

Раушан Құдайбергеннің сөзінше, мейрамхана ашуға қатысты ойды әкесі тастаған.

Мейрамхана ашу отбасылық идея десем болады. Ата-анамның, әсіресе, әкемнің тарабынан туған ой. Соны біз де ұнатып, қостап, қолдап кеттік. Бірден құрылыс жұмыстарын жүргізіп, бизнес саласының қыр-сырын меңгеруге ізденіс жүргіздік, - деді ол.

Димаш Құдайбергеннің қарындасы ашылғанына жарты жыл болған мейрамхана жұмысын өзі ұйымдастыратын болып шықты.

Идея ортақ болғанымен, бас-аяғында өзім жүріп үйреніп кеттім. Барлық ұсақ-түйек шаруасына, ұйымдастыру жұмыстарына өзім араласамын. Әрине, негізгі шешімдер ата-анамның тарабынан болады. Бірақ күнделікті өзім бас-көз болып, ұжыммен сөйлесіп, басқарамын, - деді Раушан Құдайберген.

Қанат пен Света Айтбаевтардың қызы ұлттық тағамдарды қазіргі заманға бейімдеуге қатысты да пікір білдірді.

Қазақ мәзірі, қазақ асханасы өте бай. Біз білмейтін мыңдаған тағам түрі бар. Оның бәрін түрлі этнографтар, ғалымдар зерттеген. Ал біздің мәзірде 66-дан астам тағам түрі бар. Жақында 30-ға жуық тағам түрін қосамыз, -деді ол.

Все новости