00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Былтыр елімізде 5 мыңнан астам заңсыз қоқыс алаңы пайда болған

13.04.2023 | 20:00
81
Фото: ашық дереккөзден

Былтыр елімізде 5683 заңсыз қоқыс алаңы пайда болған. Бұл туралы Экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Абдуалиев айтты, деп хабарлады Elorda.info inform.kz-ке сілтеме жасап.

Ғарыштан жасалған мониторинг аясында 2022 жылы 5683 рұқсат етілмеген қоқыс үйіндісі анықталды. Олардың 77%-ы немесе 4 331-і жойылды.

Стихиялық қоқыс үйінділерінің ең көбі Ақмола (830), Қарағанды (745) облыстарында, сондай-ақ Астана қаласында (551) тіркелд, - деді ол.

Сондай-ақ, Айдар Абдуалиев заңсыз қоқыспен күресті сылбыр жүргізіп жатқан өңірлерді атады.

Осындай үйінділерді жоюдың ең төмен көрсеткіші Абай (10%), Ұлытау (15%), Батыс Қазақстан облыстарында (56%) және Астана қаласында (52%) тіркелді, - деді ведомство өкілі.

Все новости