00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Бруцеллез: Қарағанды облысында сегіз ауылға санитария шектеуі енгізілді

27.05.2024 | 08:51
Торғын Аман
138
Бруцеллез: Қарағанды облысында сегіз ауылға санитария шектеуі енгізілді
фото: дереккөзден

 Қарағанды облысындағы сегіз ауылда санитария шектеулері енгізілді. Онда ірі қарадан бруцеллез анықталған. Ветеринарлар аша тұяқтылардан жаппай сынама алуды бастап кетті. Бұл туралы Elorda.info КТК арнасына сілтеме жасап хабарлады.

Инфекциялық ауру Абай, Шет, Нұра және Қарқаралы аудандарында анықталған. Дәрігерлер аталған кесел белгілері адамдардан білінген жоқ дейді. Бруцеллез адамға ауру малдың еті мен сүтінен, немесе мал сою кезінде адам денесіндегі ашық жаралар арқылы жұғады. Сондықтан ауылдағы ағайыннан сақтық ережелерін сақтауды сұрайды. Қорада қолғап киіп, сүтті әбден қайнатып алып қолдану керек. Ауылдарда сынамалар алу басталды. Малды ауылдан шығаруға тыйым салынды. Кесел расталған 18 сиыр сойылып, еті шұжық цехтеріне өткізілген. Өңдеуге өткізгендегі сомадан бөлек, мал құнының 30 пайызы мемлекет себінен өтеледі.

«Бруцеллез ауруының әрбір 15-20 күн сайын қайталап ауру малының барлығынан сынама алынады. Бруцеллез ауруына тән мал түрлерінен. Содан соң 15-20 күн сайын қан алып, оң нәтиже көрсеткен малдарды санитарлық союға жіберіліп, ережеге сәйкес, еті қайта өңдеуге жіберіледі», - деді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау комитетінің Қарағанды облысы аумағы инспекциясының басшысы Ержан Бекетбаев.

Все новости