00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн га құрайды – министр

06.06.2023 | 10:33
78
Фото: Egemen.kz

Биыл жалпы егіс алаңы 23,4 млн гектарды құрады. Бұл 2022 жылғы деңгейден 68,6 мың гектарға көп. Оның ішінде жаздық егіс алқабы – 20,9 млн гектар. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлады Elorda.info Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізуге, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді тұқыммен, агрохимиямен, техникамен қамтамасыз етуге, қаржыландыруға байланысты барлық мәселені үйлестіру мақсатында Республикалық жедел штаб жұмысын жалғастырып жатыр.Көктемгі науқанды өткізу үшін өңірлерде 149,8 мың трактор, 4,9 мыңнан астам жоғары өнімді егіс кешені, сондай-ақ 76 мың сепкіш болды. Жұмыс басталарда барлық өңір бойынша техниканың дайындығы 100%-ды құрады, - деді министр.

Оның айтуынша, 368,2 мың тонна отынға 28,5 мыңнан астам өтінім берілген. Қазіргі уақытта Ауыл шаруашылығы министрлігі жөнелту кестесін қалыптастыру үшін Энергетика министрлігіне жіберілетін жалпы өтінімді қалыптастырып жатыр. 

Все новости