00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Поиск

«BIRGEMIZ»: Шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды

22.05.2024 | 12:03
134
«BIRGEMIZ»: Шағын гранттар конкурсына өтінім қабылдау мерзімі ұзартылды
Фото: ашық дереккөз

«Birgemiz» жалпыұлттық жобасы шеңберінде шағын гранттар конкурсына өтінімдерді қабылдау 31 мамырға дейін жалғасады, деп хабарлады Elorda.info.

Шағын гранттар конкурсы «Birgemiz» жалпыұлттық жобасы жергілікті міндеттерді шешудегі волонтерлік бастамаларды іске асыруға бағытталған.

Мемлекеттік гранттарды волонтер атанған, кәмелетке толған қазақстандықтар мен бастамашыл топтар мен ҮЕҰ ала алады.

Конкурс шеңберінде келесі бағыттар бойынша 300 мың теңгеден 240 шағын грант ұсынылатын болады:

«BIRGEMIZ: Bilim»;

«BIRGEMIZ: Saýlyq»;

«BIRGEMIZ: Sabaqtastyq»;

«BIRGEMIZ: Taza Álem»;

«BIRGEMIZ: Asyl mura»;

«BIRGEMIZ: Qamqor»;

«BIRGEMIZ: Úmit»,

«BIRGEMIZ: Ayala».

Қажетті құжаттар тізімі, ұйымдастырушылармен байланыс және т.б. қажетті ақпарат Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының https://cisc.kz/ сайтында жарияланған.

Все новости