00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Балжан Бидаш қуыршақтай мінсіз мүсінін паш етті

Балжан Бидаш қуыршақтай мінсіз мүсінін паш етті
Фото: Instagram/bidash_official

Қазақстандық танымал әнші Балжан Бидаш желіде ерекше образын көрсетіп, көпшілік назарын өзіне аударды, деп хабарлады Elorda.info.

Балжан Бидаш аталмыш кадрларды Instagram-дағы парақшасында жариялаған. Белгілі болғандай бұл әншінің «Дорама» атты әнінің бейнебаянындағы образы екен. Шоу-бизнес жұлдызы жаңа клипіне дене сымбатын айшықтап тұратын қызыл түсті киімді таңдаған.

 «Жараладым ба сені, мазаладым ба? Қиялы өмірге емес, сенші тағдырға», - деген өлең жолдарын келтірді әнші фото астына.

Желі қолданушылары бірден өнер иесінің образын қызу талқылап, оған пікірлерін жаудырды. «Сұлулық пен нәзіктік деп осыны айт», «Сізге бәрі де жарасады», «Қызыл түс тура сізге арналған екен», «Қуыршақ Барби», «Жарқырай бер, Балжан қыз», «Сұлулық символы», «Мінсіз мүсінді ару», «Не деген фигура», «Бәрі үйлесіп тұр», - деп жазуда көпшілік.

Все новости