00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды

17.05.2024 | 12:25
158
Балық шаруашылығы комитетінің төрағасына қатысты тергеу аяқталды
фото: ашық дереккөзден

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Балық шаруашылығы комитетінің төрағасы мен комитеттің балық ресурстарын қорғау және балық аулауды реттеу басқармасының басшысына қатысты тергеуді аяқтады, деп хабарлады Elorda.info.

Олар 2021 жылдан 2024 жылғы ақпанға дейінгі кезеңде жалпы қамқорлығы үшін шағын және орта бизнес өкілдерінен жүйелі негізде пара алды деген күдікпен ұсталған болатын.

Тергеу соты күдіктіге қатысты «электронды білезікті» қолдана отырып, «үйқамақ» түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

«Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотына жолданды. Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі», - делінген хабарламада.

Все новости