00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Баянауылда саңырауқұлақ пен жидек теруге тыйым салынды

Саңырауқұлақ
фото: pixabay.com

Шектеулер маусымның ортасынан кейін алынады, деп хабарлады Elorda.info Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап.

Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында 31 мамырдан 15 маусым аралығында адам денсаулығы мен малдарға және су көздеріне өте қауіпті пестицидтермен химиялық өңдеу жүргізіледі. Атап айтқанда, Баянауыл, Ақсан, Торайғыр ауылдық округтері аймағына шекаралас Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында, Жасыбай бөлімшелері, Ұңғыма, Көшет, Тікұшақ тұрағы, Жамбақы, Кемпіртас, Айманбұлақ, телімдерінде 300 гектар аумағында үйірлі шегірткеге, 560 гектар жерде саяқ шегірткелерге қарсы өңделеді. 

Химиялық өңдеу жүргізу барысында және жүргізгеннен кейін өңделген жерлерге 30 тәулік бойы мал бағып, шөп шауып тасымалдауға және жеміс-жидек, саңырауқұлақ теруге болмайды.

Все новости