БҰҰ сарапшылары: Қазақстан бітімгерлері миссияға дайын
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/2222_dfe702b19c.jpg)
БҰҰ комиссиясы бітімгерлік операцияларға қатысуға жоспарланған қазақстандық әскери қызметшілердің материалдық-техникалық базасының жай-күйін және даярлық деңгейіне жан-жақты тексеру жүргізді. Бұл туралы Elorda.info Қорғаныс министрлігіне сілтеме жасап хабарлады.
Бір апта ішінде БҰҰ Бітімгерлік операциялар департаментінің әскери контингенттерді қалыптастыру қызметін жоспарлау офицері Седрик Паскаль бастаған инспекторлар бітімгерлердің жабдықталуын, техникамен, қару-жарақпен, оқ-дәрілермен, заттай, инженерлік, медициналық мүлікпен және РХБ-қорғаныс құралдарымен жабдықталуын тексерді.
Бітімгерлік дайындық әдістемесі мен жүйесіне, ағылшын тілін меңгеру деңгейіне ерекше назар аударылды.
Онлайн-әңгімелесу барысында БҰҰ-ның түрлі құрылымдарының сарапшылары әскери қызметшілердің гендерлік теңдік және халықаралық гуманитарлық құқық мәселелері бойынша білімдерін бағалады, – деп нақтылады ҚР Қорғаныс министрлігі Бітімгерлік операциялар орталығының бастығы полковник Бауыржан Нығметуллин.
«Бітімгер» оқу орталығының базасында БҰҰ инспекторлары бітімгерлік базасын күзетуді қамтамасыз ету, тосқауыл бекеттерді ұйымдастыру, патрульдеу, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету жөніндегі міндеттерді орындау кезінде бітімгерлердің үйлесімділігін тексерді. Сондай-ақ, жарылғыш құрылғыны анықтау кезінде әрекет ету алгоритмі пысықталды.
Айта кету керек, біздің контингент бронды дөңгелекті машиналармен және жол талғамайтын көліктермен жабдықталған.
БҰҰ стандарттарына сәйкес контингенттің қару-жарағында тұрған техника ақ түске боялған, сонымен қатар ол нақты міндеттермен толық жабдықталған. Мысалы, брондалған дөңгелекті машиналардың бірі алғашқы медициналық көмек көрсету және жаралыларды эвакуациялау үшін қайта жабдықталған, – деп түсіндірді материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының бастығы – орталық бастығының орынбасары подполковник Рустам Жанжүменов.
БҰҰ сарапшылары бітімгерлік контингентінің жеке құрамын даярлаудың және бітімгерлік операциялар орталығының нұсқаушы құрамының кәсібилігінің жоғары деңгейін атап өтті. Бітімгерлік контингенттің бітімгерлік миссиясын өз бетінше орындауға дайындығын бағалау жөніндегі түпкілікті деректерді БҰҰ комиссиясы 2024 жылғы қаңтарда ұсынатын болады.
![](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
![](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
![Елімізде «Найза-Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аяқталды](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![Елордада TURAQTY JOL экологиялық акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды](/img/articles/4414468cdc01d4d0c4aa9d0c785f7a92.jpg)
![Елордада пікірсайыс академиясының ашылуы өтті](/img/articles/7be41263418b0fd583740961c09f3a34.jpg)
![Қазақстан Париж Паралимпиадасына тағы екі квота алды](/img/articles/11607614e75cf4a8634c74b5c892dddd.jpg)
![Алматылық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады](/img/articles/30e89cbd8545971e130e709e7747f6e9.jpeg)
![Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды](/img/articles/8313041783f64de3c516c187e542588d.jpeg)
![«Соңғы тексерістерден өттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы жайлы айтты](/img/articles/b7d2ea1aa79b3eff66fa9ec2200580eb.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)