Қазақстанның ұлттық павильоны Венеция өнер биенналесінде ұсынылады
![](/img/watch-gray.png)
![](/img/articles/uploads/400_804379b642.jpg)
Мәдениет және ақпарат министрілігі әлемнің беделді көрмелерінің бірінде елдің Ұлттық павильонын ұйымдастыру бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Павильонның комиссары Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева болды.
Ендігі жерде әлемнің түкпір-түкпірінен келушілер көрмеде «Jeruiyq» көкжиектен тыс көзқарас» жобасының экспозициясымен танысуға мүмкіндік алды. Бұл экспозиция «Jerūiyq» мифтік жер туралы ежелгі аңыздың заманауи интерпретициясы.
Көрмеде қазақстандық өнер тарихындағы алғашқы футуристік туындылардың бірі Камил Муллашевтің «Жер және уақыт. Қазақстан», сондай-ақ Ерболат Төлепбайдың заман рухын көрсететін «Жаңа бала. Қайта туылу» монументалды кенебі, Сәкен Нарыновтың «Бір жанның алты өмірі» және «Бастаудың соңы немесе соңының басы» эксперименттік жобалары мен Сергей Масловтың «Байқоңыр-2» инсталляциясы ұсынылады, - деді ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі.
Биенналеге құрамында Елена Позднякова мен Эльдар Таги кіретін «The2vvo» суретшілер тобы «Қатысу» саунд-инсталляциясымен қатысады, ал суретші Анвар Мүсірепов «Аластау» эксперименталды мистикалық бейне эссесін ұсынады.
Қазақстандық суретшілердің өнер көрмесіне қатысуы «Viled FASHION» ЖШС, «Qazaq oil» ЖШС және «Universal Energy Kazakhstan» ЖШС бас демеушілерінің қолдауымен ұйымдастырылады.
Мерейтойлық өнер биенналесі 2024 жылдың 20 сәуірі мен 24 қарашасы аралығында жеті ай бойы Венециядағы «Navale» тарихи ғимаратында өтеді.
Халықаралық өнер көрмесі тұңғыш рет 1895 жылы Венецияда өтіп, өнер әлеміндегі орталық оқиғалардың біріне айналды.
Көрмеге әдетте әлемнің түкпір-түкпірінен өнерді бағалаушы көрермендер мен мамандар келеді. 2022 жылы оған 800 мыңнан астам адам келді.
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)