Астанада «Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің құрылған күні атап өтілді
![Астанада «Қарулы Күштер ардагерлері» қоғамдық бірлестігінің құрылған күні атап өтілді](/img/articles/05e0f6ad532b0ebe12d90a5337076c26.jpg)
Ардагерлердің республикалық қоғамдық бірлестігі 2011 жылдың 21 маусымында құрылды. Бұл күнге 13 жыл толуына орай Ұлттық әскери-патриоттық орталығына Қарулы күштердің ардагерлері келді, деп хабарлады Elorda.info.
Мерекелік іс-шараға «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ Астана филиалының мүшелері, «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесінің басшылығы, жастарды тәрбиелеу ісіне өз үлестерін қосып жүргендердің бәрі қатысты.
Оларға Астана қаласының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің өкілі запастағы полковник Ғани Артықов құттықтау сөз сөйлеп, өз тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізетін ардагерлер миссиясының маңыздылығын атап өтті. «Ардагерлер ұйымы» РҚБ Орталық кеңесі төрағасының орынбасары Көпболсын Бекмағамбет әріптестерін айтулы күнмен құттықтады. Кездесуге қатысушылар Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасының бірінші қорғаныс министрі армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовтың 100 жылдығына арналған фильмді тамашалады.
Қарулы күштердің қалыптасуы мен дамуына, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға қосқан үлесі үшін бірқатар ардагерлер «Сағадат Нұрмағамбетовке 100 жыл» естелік төсбелгісімен марапатталды.
Салтанатты жағдайда оларды «Қарулы Күштер ардагерлері» РҚБ елордалық филиалының төрағасы отставкадағы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов және оның орынбасары отставкадағы полковник Жұма Тайжанов, контр-адмирал Ратмир Комратов, төсбелгіні әзірлеуші отставкадағы полковник Қайыр Дүнбаянов табыс етті.
«Біздің бірлестіктің ардагерлері Қазақстан армиясының қалыптасуына баға жетпес үлес қосты, олар бүгінде қоғам мен елге пайдалы әрекет етуде. Әскерге шақырылуға дейінгі жастармен, сарбаздармен және келісімшарт бойынша әскери қызметшілермен кездесулерде оларға «Біртұтас ел – біртұтас жер» негізгі қағидатының мағынасын жеткіземіз», – деді отставкадағы авиация генерал-майоры Алсай Жұманов.
Салтанатты шара ҚР Қарулы күштері Орталық ансамблі музыкалық ұжымының мерекелік концертімен аяқталды.
![](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
![](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Қарағанды облысының полицейлеріне 200 жаңа қызметтік көлік берілді](/img/articles/53a083abd97c13731e49e2141a875d07.jpeg)
![Елімізде «Найза-Антитеррор-2024» терроризмге қарсы оқу-жаттығуы аяқталды](/img/articles/c63f1d5c4e15629809909e2d148cb86f.jpeg)
![Елордада TURAQTY JOL экологиялық акциясы ұйымдастырылды](/img/articles/ba85ebdcf2ebcc46c9c5d000e8bc6a1a.jpeg)
![«Тұмар-2024» ұлттық телевизиялық сыйлығының жеңімпаздары белгілі болды](/img/articles/8b9ee800bc114d89d4f594ea158658c5.jpg)
![Астанада тағы бір көше жөндеу жұмысына байланысты жабылды](/img/articles/4414468cdc01d4d0c4aa9d0c785f7a92.jpg)
![Елордада пікірсайыс академиясының ашылуы өтті](/img/articles/7be41263418b0fd583740961c09f3a34.jpg)
![Қазақстан Париж Паралимпиадасына тағы екі квота алды](/img/articles/11607614e75cf4a8634c74b5c892dddd.jpg)
![Алматылық талапкер ҰБТ-дан 140 балл жинады](/img/articles/30e89cbd8545971e130e709e7747f6e9.jpeg)
![Тұрсынбек Қабатов 5 тәулікке қамауға алынды](/img/articles/8313041783f64de3c516c187e542588d.jpeg)
![«Соңғы тексерістерден өттім»: Жұлдыз Әбдікәрімова денсаулығы жайлы айтты](/img/articles/b7d2ea1aa79b3eff66fa9ec2200580eb.jpg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)