00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады

04.06.2024 | 12:48
Торғын Аман
86
Антикор спорттық атақтарды негізсіз беру фактісіне қатысты қылмыстық іс қозғады
Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желілерде қазақстандық аралас жекпе-жек спортшысы А. Әшімовтің жалған спортшыларға «ҚР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы» және «ҚР Халықаралық дәрежедегі спорт шебері» спорттық атақтарын негізсіз беру туралы бейне жариялаған. Осы факті бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі қылмыстық іс қозғады, деп хабарлады Elorda.info.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет аталған жарияланымнан кейін сотқа дейінгі тергеуді тіркеді.

«Агенттіктің ұсынысы бойынша жалған спортшылар спорттық атақтарынан айырылды. Жемқорлық тәуекелдерін сыртқы талдау қорытындысы бойынша агенттік Туризм және спорт министрлігінің атына жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша ұсыныстар енгізді», - делінген ресми хабарламада.

Спортты теріс пайдаланғаны үшін жауапкершілік туралы халықаралық стандарттарды ратификациялау, жоғары жетістіктер спортын қаржыландыруды орталықтандыру, қаржыландыру нәтижелерін бағалауға мүмкіндік беретін спорт, инфрақұрылым, спорттық іс-шаралар мен жетістіктер саласында айналысатын адамдар бойынша толық деректерді қамтитын Е-sport Ұлттық цифрлық платформасын енгізу ұсынылды.

Тергеу жалғасып жатыр.

Все новости