00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Алматыда «Айка тізімі» бойынша кінәлілерге үкім шықты

21.05.2024 | 14:46
148
Алматыда «Айка тізімі» бойынша кінәлілерге үкім шықты
Фото: ашық дереккөз

Алматыда «Айка тізімі» бойынша кінәлі деп танылғандар сот үкімімен бас бостандығынан айырылды, деп хабарлады Elorda.info Жоғарғы Соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әуезов аудандық сотында М. мен Т.-ға қатысты қылмыстық істі қаралды.

Тергеу органы М.-ны аса ірі мөлшерде психотроптық затты заңсыз иемденді, сақтады және тасымалдады, сондай-ақ 52 эпизод бойынша бір топ адамдармен жеңгетайлық жасады деп (ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы), Т. -ны бір топ адамдармен 12 эпизод бойынша жеңгетайлыққа көмектесті деп айыптады (ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1-т.).

Сот отырысы жабық режимде өтті.

2023 жылдың мамыр айында М., аса ірі мөлшерде мефедронды (психотроптық затты)сату мақсатынсыз заңсыз сатып алып, өзімен бірге заңсыз тасымалдаған. Ұстау кезінде полиция қызметкерлері сотталушының сөмкесінен психотроптық зат тәркілеген.

Сондай-ақ М. 2020-2023 жж. материалдық пайда алу мақсатында пайдакүнемдік мақсатта бір топ адамдар Т.-мен бірлесіп, қыздарға ақшалай өтемақы үшін интимдік қызмет көрсету үшін жеңгетайлық жасаған. М.-ның осы қызметтерден жеке өзі немесе сыбайласы Т. арқылы пайыз алған.

Сотталушылардың кінәсі куәлардың айғақтарымен, сараптамалық қорытындылармен және іс бойынша басқа да материалдармен дәлелденді.

М. кінәсін ішінара мойындаған, Т. кінәсін мойындамаған. Прокурор М.-ны жалпы қылмыс жиынтығы бойынша 4 жылға, Т.-ға 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Жаза тағайындау кезінде сот М.-ның жасаған ісіне өкінетінін, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектескенін, жас баласының болуын жеңілдететін мән-жайлар ретінде таныды. М-ны ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

Т.-ның қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар анықталмаған.

М. ҚК-нің 296-бабының 4-бөлігі, 309-бабының 2-бөлігі, 1-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған қылмыстар жиынтығы бойынша түпкілікті 6 жыл 6 ай түрінде жаза тағайындалды.

Т. ҚК-нің 28-бабының 5-бөлігі, 309-баптың 2-бөлігі, 1- тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған 3 жыл 8 ай түрінде жаза тағайындалды.

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Все новости