Аида Балаева халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды
![](/img/watch-gray.png)
![Аида Балаева халықаралық әдеби сыйлық тағайындауды ұсынды](/img/articles/2ccb6e0251468c7975511469dfe8e420.jpeg)
Халықаралық Түркі мәдениеті ұйымы 2024 жыл – түркі әлемінің ұлы ақыны, ойшыл Мақтұмқұлы Пырағы жылы деп жариялады. Оның мерейтойы 2024-2025 жылдары ЮНЕСКО-мен бірге атап өтілетін атаулы күндер тізіміне енді. Мерейтой аясында Түрікменстанда ойшыл Мақтұмқұлы Пырағының туғанына 300 жыл толуына орай халықаралық конференция ұйымдастырылды, деп хабарлады Elorda.info.
Конференцияға 20 елдің мәдениет министрлерімен бірге ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева да қатысты. Аида Балаева құттықтау сөзінде күллі шығыс әлемінің өскелең ұрпағы мен жастар үшін ақын шығармаларының рөлі маңызды екенін атап өтті.
Бүгін біз қарым-қатынасымыздың қарқынды дамып келе жатқанын және мәдени-гуманитарлық салада өзара тыңғылықты жұмыс жүргізіліп жатқанын көріп отырмыз. Мұның бәрі екі ел көшбасшыларының күш-жігері мен сенімді, достық байланыстарының арқасында екені сөзсіз. Мақтұмқұлы Пырағының мол мұрасы біздің халық үшін аса маңызды. Достық символы, қазақ халқының ақынға және оның бүкіл бауырлас түрікмен халқына деген құрметінің бегісі ретінде ел астанасында ұлы ойшылға ескерткіш орнату үшін қажетті жұмыстар жүргізіліп жатыр, - деп атап өтіп, министр Мақтұмқұлы Пырағы атындағы халықаралық әдеби сыйлықты тағайындауды ұсынды.
Аида Балаева әріптестерін тау тұлғалардың шығармашылығын жүйелі түрде насихаттап, олардың шығармашылығы арқылы әлемдік мәдени кеңістікке шығуға шақырды. Айта кетейік, Ашхабадта түрікмен ақыны Мақтұмқұлы Пырағының ескерткіші ашылды.
Ақын мүсіні 60 метрлік монументалды ескерткіш түрінде тұрғызылған. Аталмыш нысан түрлі елдер мен дәуірдегі әлемге әйгілі жазушылар мен ақындардың 24 мүсінін біріктіретін жаңа мәдени-саябақ кешенінің құрамына кірді.
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)