00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Аида Балаева Аналар күні мерекесімен құттықтады

12.05.2024 | 14:03
224
Аида Балаева Аналар күні мерекесімен құттықтады
Фото: Elorda.info

ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева өзінің Facebook парақшасында Аналар күні мерекесімен құттықтады, деп хабарлады Elorda.info.

Құрметті достар!

Құрметті аналар!

Еліміздегі мереке күндерінің тізбесі «Аналар күні» мерекесімен толықтырылды. Ол мамырдың екінші жексенбісінде атап өтіледі.

Көптеген елдерде аналарға арналған айтулы күн бар. Биыл біз оны бірінші рет атап өтеміз.

Сөз жоқ, еліміздегі ананың рөлі отбасылар мен қоғамда ерекше орын алады, балаларын тәрбиелеу мен дамытуда маңызды рөл атқарады. Олардың маңыздылығы танылады және бағаланады.

Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев атап өткендей, «Біздің дана халқымыз әрқашан аналарды құрметтеп, қыздарын қамқорлықпен қорғаған. Бұл көзқарас ғасырлар бойы біздің қанымызда болды».

Аналардың шексіз сүйіспеншілігі мен даналығы отбасы мен қоғамның негізін құрайды.

Қоғамның жауапты, жанашыр мүшелерін тәрбиелеу арқылы балалардың болашағын қалыптастыратын да Аналар.

Халық арасында «Бақытты ана - бақытты бала» деген ұғым қалыптасқан, шынында ана қуанса, олардың балалары да, олармен бірге біздің қоғам да өркендейді.

Бұл күн біздің қымбатты аналарымызға алғыс, құрмет пен сүйіспеншілік білдіруге тамаша мүмкіндік, - деп жазды ол.

Мәдениет және ақпарат министрі, сондай-ақ, барлық оқырмандарын аналарға алғыс айтуға шақырды.

Құрметті достар!

Мен сіздерді қымбатты аналарыңызға жылы тілектеріңізді білдіруге , естеліктеріңізбен бөлісуге және әртүрлі әлеуметтік платформаларда #Анашым хэштегімен алғыс айтуға шақырамын!

Осы ерекше күні аналарымызға біздің шексіз сүйіспеншілігімізді сезінуге және олардың баға жетпес маңыздылығын көрсетейік, - деді Аида Балаева.

Все новости