00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Көктемгі егіс жұмыстарына 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді

31.03.2023 | 23:15
Сабина Кәкімжан
77

Биыл көктемгі егіс жұмыстарына барлығы 413 мың тонна дизель отыны бөлінеді. Бұл туралы Үкімет отырысында Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Министрдің айтуынша, оның құны тоннасына 222 мың теңге немесе литріне 184 теңге.

Мұнай өңдеу зауытынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дейін дизель отынын жеткізу құнын оператор дербес айқындайды. Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің операторлары шарттарға, өтінімдерге, төлемдерге қол қоюды аяқтағаннан кейін және Мұнай өңдеу зауытына вагон-цистерналар қойғаннан кейін Мұнай өңдеу зауыты дизель отынын тиеп-жөнелтуді бастауға дайын, - деді министр.

Болат Ақшолақов қазіргі кезде ауыл шаруашылығы жұмыстарын жүргізуге арналған жоспар толық көлемде орындалып жатқанын айтты. Сондай-ақ  бұл мәселе Энергетика министрлігі мен ҚазМұнайГаз-дың тұрақты бақылауында тұрғанын жеткізді.

Все новости