Былтыр 68 елді мекеннің атауы өзгертілді – министрлік
![](/img/articles/uploads/63f486675ecc5757020214_4336dbdc2b.jpeg)
Мәдениет және спорт министрлігі жанындағы Республикалық ономастика комиссиясы жалпы саны 606 ұсынысты қараған, деп хабарлады Elorda.info.
Өткен жылы 68 елді мекен мен 572 құрамдас бөліктің атауы өзгертілді. Мәселен, Ақмола облысы бойынша Южная көшесі Сәбит Мұқанов, Буденный көшесі Бауыржан Момышұлы, Ленин көшесі Абылай хан есімдерімен қайта аталды.
Мәдениет және спорт министрлігі Мәдениет комитетінің ақпараты бойынша 2022 жылы Республикалық ономастика комиссиясы 606 ұсынысты қараған.
Бұдан бөлек, былтыр Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген еліміздің әкімшілік-аумақтық құрылымын жетілдіру бойынша берілген тапсырмасын орындау мақсатында жаңадан құрылған 3 облысқа Абай, Жетісу, Ұлытау атаулары берілді. Ал Қапшағай қаласы – Қонаев қаласы болып қайта аталды. Айта кету керек, облыс атаулары тек мемлекеттік тілде бекітілді. Мысалы, Абай облысы - область Абай, Ұлытау облысы - область Ұлытау, Жетісу облысы - область Жетісу. Сондай-ақ Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерейтойына орай Қостанай халықаралық әуежайына ұлт ұстазының есімі берілді, – деді Мәдениет және спорт министрлігі Ономастика басқармасының басшысы Елерке Төрехан.
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)