00:00
Астана -10oC
USD:
463.77
EUR:
495.49
RUB:
5.31
Поиск

28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті

06.06.2024 | 12:53
Сабина Кәкімжан
78
28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан тегін өтті
Фото: Оқу-ағарту министрлігі

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектепке дейінгі және орта білім беру педагогтері үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын өткізуде, деп хабарлады Elorda.info.

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлімдеді.

Бүгінгі таңда 28 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курсын аяқтады.  Курстар осы жылдың қараша айының соңына дейін жалғасады.

Бүгінде біздің орталықтың оқытушылары 1105-тен астам курс өткізді, онда 28 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды. Әр педагог курстан кейін алған білімдері бойынша бағаланады және оқытудың тиімділігіне талдау жасалады, - деді «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.

Естеріңізге сала кетейік, оқу курстары осы жылдың ақпан айының соңында басталды. Орталық 80 мыңнан астам педагогті оқытуды жоспарлап отыр.

Все новости