Ұлттық ұланда үздіктер анықталды
![](/img/articles/uploads/639d3c95a9f52071154138_0a050ecb1a.jpg)
Ұлттық ұланның Бас қолбасшылығында батальон буынының офицерлері мен сержанттары арасында өткен жыл сайынғы дәстүрлі сайыстың ақтық кезеңі өтті, деп хабарлады Elorda.info.
Ұлттық ұланның баспасөз қызметі мәліметінше, офицер арасында «Үздік батальон командирі», «Батальонның үздік штаб бастығы», «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» және сержанттар арасында өткен «Үздік взвод сержанты», «Үздік бөлімше командирі» байқауы қорытындыланды.
Байқауға әскери бөлімдер мен өңірлік қолбасшылықтарда іріктеуден өткен 16 офицер мен 15 сержант қатысты.
Өзінің өңірлік бөлімшелерінде үздік деп танылған офицерлер мен сержанттардың білімдері мен біліктіліктері: мемлекеттік-құқықтық даярлық, қызметтік-жауынгерлік қолдану тактикасы, атыс және дене шынықтыру даярлығы, жалпыәскери жарғылар, РХБ қорғау, мемлекеттік тілді және басшылық құжаттарды білу бағытында тексерілді. Үш күн ішінде әскери қызметшілер әртүрлі нормативтер тапсырып, электронды тестілеуден өтті.
Кәсіби шеберлік деңгейі бойынша Ұлттық ұланның батальон буынындағы офицерлері арасында: Ұлттық ұлан Академиясы 1 оқу батальонының командирі подполковник Рауан Усбанов – «Үздік батальон командирі» және оның орынбасары подполковник Рүстем Тұрлыбаев – «Батальон командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі үздік орынбасары» атанды. Айта кетейік, подполковник Рүстем Тұрлыбаев байқауға 2019 жылы да қатысып, тәрбие желісі бойынша үздік деп танылған болатын. Ал 6505 әскери бөлімі 4 атқыштар батальонының командирі майор Азамат Таңанов – «Батальонның үздік штаб бастығы» номинациясын иеленді.
Мен бұл байқауда жеңіске жеткеніме қуаныштымын. Осы жылдар ішінде бәсекелестік артты. Бұл өзімді одан сайын қамышлай түсуге, дайындығымды екі есе арттыруға көмектесті. Сайыс қиындау болды, қызметте білуге міндетті көптеген жаңа басшылық құжаттар көп, солардың бәрін толық игеру оңайға соқпады. Болашақта Ұлттық ұлан Академиясының магистратурасына түсу ниетім бар, - дейді Рустам Кәрібайұлы.
«Үздік взвод сержанты – жауынгерлік даярлық жөніндегі нұсқаушы» номинациясын 5510 әскери бөлімі 3 атқыштар ротасының аға сержанты Ерболат Ғаббасов жеңіп алды. 3514 әскери бөлімі арнайы комендатурасының 1 бөлімше командирі сержант Әділет Тонтаев – «Үздік бөлімше командирі» атағына лайық деп танылды.
ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары-Ұлттық ұланның Бас қолбасшысы генерал-майор Еркін Ботақанов жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы дипломдар мен кубоктарды жеке табыс етті.
![](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Мейрам күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді](/img/articles/9c7608d7f0caca917e5a3d3576942b7a.jpg)
![Қазақстанда Сейсмология саласын дамытудың кешенді жоспары қабылданды](/img/articles/47716816578c1785bcf9971e3962d5d3.jpeg)
![Елордада жас дарындардың қатысуымен гала-концерт өтеді](/img/articles/2e8e7fcc02e19f4e7a09045ed99fa48f.jpg)
![Энергетика саласындағы мәселелерді шешу ісінде әлеуетіміз бар – Гурбангулы Бердімұхамедов](/img/articles/265c0a4bebc8292c69964d17f14d53c5.jpg)
![Президент Түрікменстан Халк Маслахатының төрағасымен кездесті](/img/articles/3772da515b8a303030b601b1027ae84c.jpg)
![Моңғолия президенті Қазақстандағы саяси реформалардың нәтижесін жоғары бағалады](/img/articles/9038e0736284e5371dc5035b97da03fd.jpg)
![Президент: Моңғолия – еліміздің Азиядағы ең маңызды серіктестерінің бірі](/img/articles/50693130f3131ecc68e0bce775c77fff.jpg)
![Париж Олимпиадасына қатысатын астаналық теннисшілер анықталды](/img/articles/7e8ce5cdbeea73413885121d7cb639e0.jpeg)
![Мемлекет басшысы: Қазақстан бұрын-соңды болмаған су тасқынын бастан өткерді](/img/articles/51fec31511ee1ee9a9cb384800c04632.jpg)
![Шанхай ынтымақтастық ұйымының экономикалық әлеуеті орасан зор - Президент](/img/articles/cee2d1381e6b4f856ad371422e76fe5f.jpeg)
![Су тасқыны: Ақмола облысында 113 адам эвакуацияланды](/img/articles/fe6d38141ce3660cb2cb084398c0d769.jpg)
![Астаналық тұрғын көршісінің атына заңсыз 6 несие рәсімдеген](/img/articles/7f2fa721c487e8ee864514d71e6d11a6.jpg)
![Қазақстандағы ең танымал есімдер](/img/articles/uploads/bala_8d46179d13.webp)
![Алдағы үш күнде еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады](/img/articles/61df077879b5ccfe7211fe605ae9f562.jpg)
![Бітімгершілік миссия мүшесі: Соғыс көрген мемлекеттердің тәжірибесін зерделеу тиімді](/img/articles/b0e02ccbb546bc846e9d50c0e56d762d.jpg)
![Ұлттық музейге «Тайқазанның» көшірмесі қойылады](/img/articles/d693d977b9a549601c5dc98a9a31a409.jpeg)
![Енді жол сапасын халық бақылайды](/img/articles/8d2fb20fedc16e5ad3f37870e248799e.jpeg)
![Ұлу жылы туралы не білеміз?](/img/articles/uploads/image_l_jpg_7ce868bf3e.webp)
![Құрбан айт адамның пейілі саудаға салынатын күн – Нұрлан имам](/img/articles/c3509e22a59576a15d13c5bf351df19c.jpg)
![Ажырасу деңгейі ең жоғары 13 ел](/img/articles/uploads/620e36a23fe3f405222377_6d51532236.jpg)