00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейстермен ұша алады

31.03.2023 | 20:52
Айман Нығмет
85

Қазір қазақстандықтар әлемнің 29 еліне тікелей рейстермен ұша алады, деп хабарлады Elorda.info Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

Ішкі әуе рейстерді аптасына 687 рейс жиілігімен 57 бағыт бойынша 5 отандық әуе компаниясы орындайды. Осы жылы NEOS әуе компаниясы Алматы – Милан, «Эйр Астана» компаниясы Алматы – Ираклион, Vietjet Air компаниясы Алматы – Нха Транг, Jazeera Airways компаниясы Түркістан – Кувейт, AnadoluJet компаниясы Алматы – Анкара және Астана – Анкара және Pegasus Airlines компаниясының Алматы – Анкара, Алматыдан Сургутқа, Тюменьге және Новосибирге, сондай-ақ Астанадан Санкт-Петербургке жаңа бағыттары ашылды. «Түрікменхаваеллары» компаниясы Алматыдан Ашхабадқа әуе рейстерді қалпына келтірді, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар Ақтау мен Шымкенттен Анкараға, Алматы мен Ақтаудан Мединаға, Астанадан Нячангқа 25 желтоқсаннан бастап, Астанадан Бакуге және Шымкенттен Душанбеге 2023 жылғы көктемгі-жазғы навигация кезеңінде рейстер ашылады деп күтілуде. 26 желтоқсаннан бастап Қазақстан мен Сейшел аралдары арасында Алматы – Маэ бағыты бойынша рейстер ашылмақ. Сондай-ақ Астана, Алматы, Ақтау, Түркістан және Атыраудан Ыстамбұлға, Астана мен Алматыдан Антальяға, Алматыдан Баку, Тбилиси, Пхукет және Малеге рейстер ұлғайды.

 

Все новости