00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Онлайн қызмет көрсету бойынша Қазақстан нешінші орында

31.03.2023 | 20:11
Елорда ақпарат
87

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин Стратегиялық бастамалар форумында цифрландыру туралы айтты, деп хабарлады Elorda.info.

Қазақстан қазір цифрландыру бойынша әдіснамалық тұрғыда жақсы дамып жатыр. Электрондық үкімет бойынша рейтингте онлайн қызмет көрсету субиндексінде әлем бойынша 8-орындамыз. Бұл рейтинг Қазақстанда жасалмайды. Оны БҰҰ сарапшылары әзірлейді. Бұл – қуантарлық жағдай, - деді Мусин.

Айта кетейік, форумға мемлекеттік органдардың, ұлттық компаниялардың басшылары, ірі бизнес өкілдері, қоғам және саяси қайраткерлер, сондай-ақ экономика, саясат және басқа да сала мамандары қатысып жатыр.

Все новости