00:00
Астана -10oC
USD:
471.83
EUR:
505.66
RUB:
5.4
Поиск

БҰҰ 77 жылдығын атап өтіп жатыр

31.03.2023 | 19:30
Елорда ақпарат
44

Биыл ұйым 77 жылдығын атап өтуде. Осыған орай әлем елдерінде БҰҰ-ның апталығы басталды, деп хабарлады Elorda.info.

«Хабар24» жазуынша, онда түрлі шаралар мен кездесулер ұйымдастырылып жатыр. Жалпы  «Біріккен Ұлттар» атауын АҚШ президенті Франклин Делано Рузвельт ұсынды. Декларация Сан-Францискода 1945 жылы 24 қазанда қабылданды. Бас кеңсесі Нью-Йоркте орналасқан. Құрамында 190-нан астам мемлекет бар.

Басты мақсаты – бүкіл әлемде бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау, ұлттар арасындағы достық қатынастарды дамыту мен халықаралық мәселелерді шешу. Ал Қазақстанның БҰҰ-ға мүше болғанына 30 жыл. 1992 жылы БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің 3034-ші отырысында еліміздің өтінішін қарап, Бас Ассамблеяға «Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның мүшелігіне қабылдауды» ұсынатын қарарын бірауыздан мақұлдады.
 

Все новости