00:00
Астана -10oC
USD:
471.46
EUR:
504.79
RUB:
5.53
Поиск

Еліміздегі астық алқаптарының 86 пайызы жиналды – министрлік

31.03.2023 | 17:17
Елорда ақпарат
90

Республиканың барлық облыстарында егін жинау жұмысы қызу жүріп жатыр, деп хабарлады Elorda.info Ауыл шаруашылығы министрлігіне сілтеме жасап.

Әкімдіктердің деректеріне сәйкес, бүгінгі күнге дейін 13,9 млн гектар дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар жиналды. Бұл жалпы өнімнің 86,3% құрайды. Қазіргі таңда орташа өнімділік гектарына 12,5 центнер кезінде 17,3 млн тонна астық бастырылды.

Басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына келетін болсақ, майлы дақылдардың жалпы түсімі 363 мың тоннаны құрады, 3,6 млн тонна көкөніс және 2,1 млн тонна картоп жиналды.  Егінді жинау жұмысы жалғасып жатыр, - деп  жазылған хабарламада.

Қазақстанда жалпы сақтау сыйымдылығы 12,8 млн тонна болатын 189 лицензияланған астық қабылдау кәсіпорны жұмыс істейді. Оларды жаңа өнімді қабылдауға дайындау бойынша жоспарлы жұмыс жүргізіліп жатыр.  

Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің өзінің 16,6 млн тонна астыққа есептелген сақтау қоймалары бар. Аталған көлемдердің болжамды түсімін ескерсек, ол орындар жиналған астықты сақтау үшін жеткілікті болады.

Все новости