00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Елімізде ақбөкенді аулауға рұқсат етілмейді

25.02.2023 | 08:38
Елорда ақпарат
118

Комитет жануарлар дүниесін мемлекеттік қорғауды ұйымдастыру бойынша қабылданған шаралардың арқасында киіктердің жыл сайын орта есеппен 40% көбеюі байқалатынын мәлім етті.

2017 жылғы есеп бойынша киік басы 152 мың болса, 2022 жылы олардың саны 1,3 млнға жетті. Дегенмен бұл жануарлардың республика бойынша оңтайлы саны 560-770 мың болуы керек.

Оқи отырыңыз: Ақбөкендерді аулауға рұқсат берілсе, браконьерлік көбейеді – зоолог-ғалым

Әсіресе, Батыс Қазақстан облысына ерекше назар аудару қажет. Онда киіктердің саны – 801 мың бас. Бұл өңірде жайылымдар мен суаттар үшін ауыл шаруашылығы жануарларымен киіктердің бәсекелестігі арта түскен.

Сонымен қатар киіктер Бастыс Қазақстан, Ақмола және Қарағанды облыстарында егістіктерге де зиян келтіріп жатыр. Қазір 2015 жылғы пастереллёз індетінің қайталану қаупі бар. Сол жылы 150 мың киік (бүкіл популяцияның 80%) қырылып қалған еді. Қазір киіктердің санын басқару мақсатында, ғылыми биологиялық негіздеме әзірленіп жатыр. Оның қорытындысы бойынша киіктердің санын реттеу мәселесі бойынша шешім қабылданады, – делінген Экология министрлігінің хабарламасында.

Тағы оқыңыз: Елімізде ақбөкендерді аулауға рұқсат берілуі мүмкін

ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті НҚА (нормативтік құқықтық актілер) ашық деректер порталында киіктің дериватын жинауға бұйрық жобасын жариялады. Бұл бұйрық жобасы табиғи өліммен өлген киіктердің дериваттарын жинауға бағытталған.

Алайда комитет бұйрықтың бұл жобасын пысықтау үшін Ашық НҚА-дан қайтарып алды.

Все новости