00:00
Астана -10oC
USD:
475.39
EUR:
513.37
RUB:
5.4
Поиск

Қазақстанда жыл басынан бері 25 адам суға кетті

25.02.2023 | 06:43
Елорда ақпарат
100

Оның ішінде ересектердің қарауынсыз қалған үш бала бар. Сондай-ақ жеке құтқару құралдарын алмаған 9 балықшы батып кеткен. Төтенше жағдай министрлігінен хабарлағандай, ел бойынша 50 мыңнан астам су айдыны бар. Бірақ оның ішінде адамдар шомылуға жиі баратын 125-і ғана құтқарушылардың жіті бақылауында. Биыл қосымша 45 жылжымалы құтқару бекеттері іске қосылған.

Әрине 50 мың су көзіне біз бүкіл ТЖМ-нің құтқарушыларын қойып қоя алмаймыз. Ойланып қарасаңыз, бүкіл ТЖМ-нің жеке құрамын бәрін алып қосқанда 30 мыңға жетпейді. Сондықтан, бұл жерде ең бірініші халық ағарту жұмыстары, сосын біздің ересектеріміз, әсіресе, ата-аналар біз атап өткен қарапайым қауіпсіздік қағидаларына назар аудару керек, – деді Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдер комитетінің төрағасы Бауыржан Сыздықов.

Все новости